КИМЭП
Координаттар: 43°15′09″ с. е. 76°55′36″ ш. б. / 43.25250° с. е. 76.92667° ш. б. (G) (O) (Я)
КИМЭП университеті | |
Университет атауы | |
---|---|
Халықаралық атауы | KIMEP University |
Бұрынғы атауы | Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (ҚМЭБИ) |
Жалпы сипаттамасы | |
Құрылған жылы | 1992 жыл |
Түрі | жекеменшік университет |
Орналасуы | |
Орналасқан жері | Қазақстан, Алматы |
Метро бекеті | Абай бекеті |
Мекенжайы | Blue Burgundy Gold |
Кампус | қалалық |
Әкімшілік | |
Президенті | Чан Йан Бэнг |
Негізгі көрсеткіштер | |
Оқытушылар | 7,816 |
Студенттер | 2,737 (бакалавриат) 584 (магистр) 108 (өзге) |
Сайты | kimep.kz |
өңдеу |
КИМЭП университеті (ағылш. The KIMEP University) — Алматыдағы жоғары оқу орны. 1992 жылы 14 қаңтарда құрылған. Алғашқы кезде тек магистрлер даярлады. 1999 жылдан бакалаврлар бөліміне студенттер қабылдана бастады. Бакалаврлар даярлау мен магистратура бөлімдері: «Іскерлік әкімшілік және бухгалтерлік есеп», «Экономика», «Мемлекеттік басқару», «Саясаттану», «Халықаралық қатынастар», «Журналистика және БАҚ» салаларының мамандарын даярлайды. Өндірістен қол үзбей оқу үшін үздіксіз білім беру (кешкі) департаменті құрылған. Сабақтар ағылшын тілінде жүргізіледі. Еуропа, АҚШ, Канада, Азия елдерінен шақырылған көрнекті профессор��ар мен Қазақстанның ғалым-ұстаздары дәріс береді.
Білімдік қызмет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ҚМЭБИ білімдік бағдарламаларды беруге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің лицензиясына ие болған. Өзінің соңғы келген сапарында, яғни 2008 жылдың 14-16 сәуірінде Министрліктің аттестаттау комиссиясы ҚМЭБИ-дің барлық бағдарламаларын бес жыл мерзімге аттестаттаудан өткізді.
- ҚМЭБИ Жаңа Англияның колледждер мен мектептер қауымдастығы жоғары оқу орындарының Комиссиясынан (АШКНА) аккредитация алуға жұмысын жалғастыруда.
- Бүгінгі таңда ҚМЭБИ он бес бағдарлама ұсынып отыр. Оған кіретіндер: іскер әкімшілдік, экономика, саясаттану, мемлекеттік басқару және журналистика салаларындағы бакалавриат бағдарламалары; іскер әкімшілдік, экономика, құқық және ағылшын тілін оқыту салаларындағы магистратура бағдарламалары; сонымен қатар іскер әкімшілдік саласындағы докторлық бағдарлама. ұдан басқа, ҚМЭБИ басшыларға арналған МВА бағдарламасын және сертификатталған бағдарламалар мен қысқа мерзімді курстардың кең ауқымын ұсынады.
- Барлық академиялық бағдарламалар ағылшын тілінде оқытылады.
- ҚМЭБИ-дің оқытушылық құрамы қазақстандық және шетелдік оқытушылардан тұрады, олардың көпшілігі өздерінің магистрлік және докторлық дәрежелерін Еуропа мен Солтүстік Американың жоғары оқу орындарынан алған. ҚМЭБИ ТМД елдерінің арасында батыстық жоғары оқу орындарында алған Ph.D дәрежелі оқытушылардың басым санына ие болған.
Оқыту бағдарламалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Студенттер 4 бакалавриат бағдарламасымен оқытылады. — BSS (ағылш. Bachelor of Social Sciences), BSВ (ағылш. Bachelor of Sciences in Business Administration and Accounting), BAE (ағылш. Bachelor of Arts in Economics), BAIJ (ағылш. Bachelor of Arts in International Journalism), LLB. магистратура — MBA, MPA, LLM және MaIJ .
ҚМЭБИ бакалавриатының бағдарламаларында оқу
[өңдеу | қайнарын өңдеу]ҚМЭБИ бакалавриатының бағдарламалары мектеп бітірушілерге арналған. Оның негізінде кредиттік жүйе қолданылады, оның басты артықшылығы икемділік болып табылады, соның нәтижесінде студенттер өздерінің айрықша мүдделері мен мансаптық амбицияларын есепке ала отырып, өзінің сабақ кестесін өзі құрастыруына болады. Сонымен қатар кредиттік жүйе өзіңізге қолайлы қарқында оқуыңызға мүмкіндік береді. Мәселен, бакалавриат бағдарламасы әдетте төрт жылдың ішінде аяқталатынына қарамастан қажет болған жағдайда оқу мерзімін ұзартуға болады.
Бакалавриат бағдарламасының оқу жоспары аясы өте кең. Дәреже алу үшін қажетті 129 кредиттің 48 кредиті математика, жаратылыс тану ғылымдары, сындарлы ойлау бойынша білім беріп, сонымен қатар табысты мансаптық даму үшін қажетті жазу дағдыларына үйретеді. Бұдан басқа студенттер таңдап алған мамандандыруда ауқымды білім алып, өзінің мүдделеріне сәйкес кез келген пәнді таңдау мүмкіндігіне ие болады.
Бакалавриат студенттерінің көпшілігі өзінің кафедрасынан қосарлы мамандандыруды алуына немесе өз білімін одан әрі кеңейту үшін факультеттің басқа кафедрасынан қосымша мамандандыруды алуына болады. Көптеген бағдарламаларда сіз мамандандырусыз оқуды таңдауыңызға болады, ол сізге элективтік пәндерді таңдауыңызға үлкен еркіндік беріп, бітіргеннен кейін жұмысқа орналасудың анағұрлым кең мүмкіндіктерін ұсынатын болады.
ҚМЭБИ бакалавриатының көптеген бағдарламаларының ажырамас бөлігі студенттік практика болып табылады. Практика студенттерге нақты жағдайларда теориялық білімдерін қолдануларына мүмкіндік беріп, соның нәтижесінде студенттер институтты бітірмей тұрып ақ құнды практикалық тәжірибе алатын болады. Бұдан басқа практика студенттерге болашақта әлеуетті жұмыс берушілермен байланыстарын жөнге салып, олардан қол үзбеуге мүмкіндік береді.
ҚМЭБИ бакалавриат бағдарламаларының барлық студенттеріне арнаулы кеңес беру орталықтарының қолдауын көрсетеді, орталық қызметкерлері студенттерге оқу бағдарламасы мен болашақ мансаптық қызметті таңдауына қатысты маңызды шешімдер қабылдауына көмектеседі.
Институт тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]ҚМЭБИ Орталық Азиядағы солтүстік американдық үлгі бойынша жұмыс істейтін ірі университет болып табылады.
- ҚМЭБИ 1992 жылы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қаулысымен құрылды. Сол жылдың тамызында сабақ басталды.
- 1994 жылы маусымда Іскер Әкімшілдік магистратурасы бағдарламасы студенттерінің алғашқы бітіру рәсімі болды.
- ҚМЭБИ – әр түрлі мәдениет пен ұлт студенттерін оқытатын тәуелсіз, коммерциялық емес білім беру мекемесі.
- ҚМЭБИ Қазақстанда, Орталық Азияның қаржылық астанасы - Алматының орталығында, қазіргі заманғы үлгідегі студенттер қалашығында орналасқан. ҚМЭБИ-дің материалдық-техникалық базасы – аталмыш аймақтағы университеттердің арасындағы бірден-бір таңдаулы оқу базасы болып табылады.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1992
- ҚМЭБИ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен құрылып, доктор Бэнг алғашқы Атқарушы Директоры болып тағайындалды.
- Іскер Әкімшілдік Магистратурасы (MBA) және Экономика саласындағы Магистратура (МA) Бағдарламалары ашылды.
- 1993
- Мемлекеттік Басқару саласындағы Магистратура Бағдарламасы ашылды
- 1994
- ҚМЭБИ алғашқы түлектері– MBA және MA Бағдарламаларының 81 студенті
- 1998
- Монреалдан МакГилл Университетінің көмегімен Халықаралық Басқару Кадрларының Орталығы құрылды.
- 1999
- ҚМЭБИ-де Іскер Әкімшілдік және Әлеуметтік Ғылымдар саласындағы бакалавариаттың төрт жылдық бағдарламалары ашылды. Аталмыш бағдарламаларда алғаш рет 424 студент сабақтарын бастады.
- 2000
- ҚР Білім және Ғылым Министрлігі ҚМЭБИ-ге жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру саласында білімдік жұмыстарды жүргізуге тұрақты лицензия берді.
- ҚМЭБИ-де экономика саласы бойынша бакалавриат бағдарламасы ашылды.
- 2001
- ҚМЭБИ барлық өзінің академиялық бағдарламаларына АҚШ үлгісі бойынша кредиттік жүйені енгізген Орталық Азиядағы тұңғыш жоғары оқу орыны болды.
- Он-лайн режимінде тіркеу жүйесі енгізілді.
- 2002
- Оқу Корпусын жөндеу жұмыстары аяқталып, қазіргі заманғы үлгідегі Институт Қалашығы жасалды.
- Академиялық бағдарламаларын ҚР Білім және Ғылым Министрлігі аттестаттаудан өткізді.
- Алдыңғы қатарлы Американдық, Еуропалық және Корей Университеттерімен ынтымақтастық және алмасу бағдарламалары ашылды.
- ҚМЭБИ-де Халықаралық Қатынастар саласындағы Магистратура, Халықаралық Журналистика және БАҚ саласындағы Магистратура Бағдарламалары ашылды.
- 2003
- Халықаралық Журналистика саласындағы Бакалавриат Бағдарламасы ашылды.
- Академиялық кафедралар үш факультет болып құрылды: Бэнг атындағы Бизнес Факультеті, Әлеуметтік Ғылымдар Факультеті және Үздіксіз Білім Беру Факультеті
- 2004
- ҚМЭБИ «Ағарту» категориясы бойынша «Платиналық Тарлан» сыйлығын алды. ҚМЭБИ Қазақстанда тағайындалған аса жоғары тәуелсіз сыйлықты алған жалғыз жоғары оқу орыны болып табылады.
- Бэнг атындағы Бизнес Факультеті AACSB Халықаралық Қауымдастық мүшесі болды.
- Сан-Франциско Университетімен бірлесіп Экономика саласындағы Магистратура Бағдарламасы ашылды.
- 2006
- Іскер Әкімшілдік Докторантурасы Бағдарламасы ашылды.
- Институтқа құны 3 миллион АҚШ долларына түскен Жаңа Ғылыми-Зерттеу Кітапханасының құрылысы аяқталды.
- 2007
- ҚМЭБИ Басқа Тілдер Тасымалдаушыларына Ағылшын Тілін Оқыту Магистратурасы Бағдарламасын ашты.
- 2008
- ҚМЭБИ құны 10 миллион АҚШ доллары тұратын Жаңа Оқу Корпусын ашты.
- Президент Назарбаев Институтқа келіп, жаңа оқу корпусы мен кітапхананы көрді, студенттермен, оқытушылармен және әкімшілікпен кездесті.
- ҚМЭБИ тағы жұмысқа докторлық дәрежесі бар 29 жаңа оқытушыны қабылдады.
- Құқық Мектебі бакалавриат студенттеріне құқықтану бойынша қосымша мамандандыруларды ұсынады.
Факультеттер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Бэнг атындағы бизнес факультеті
- Әлеуметтік ғылымдар факультеті
- Білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультеті
- Информатика және математика факультеті
- Құқық мектебі