Ғимарат
Ғимарат – сәулет өнерінің белгілі бір үлгі-тәсілімен салынған құрылыс, үй. Оған түрлі үлгідегі (жеке, көптекшелі, т.б.) тұрғын үйлер, қонақ үйлер, әр түрлі мақсатқа арнап салынған сарайлар (мәдениет сарайы, спорт сарайы, оқушылар сарайы, т.б.) мен мәдени-қоғамдық құрылыстар (театр, клуб, т.б.), мекеме үйлері, балабақша, мектеп үйлері мен басқа оқу орындары үйлері, кесенелер мен ғибадатханалар, дүкендер мен сауда үйлері, әр түрлі тұрмыстық қызмет көрсету орындарының үйлері, т.б. архитектуралық құрылыстар жатады.
Ғимарат (арабша – үй деген ұғымды білдіреді) салыну мақсатына және әр елдің ұлттық, тұрмыс-салт, кәсіби-мәдени, діни-қоғамдық, шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне сәйкес, сондай-ақ салынатын орнының табиғи жағдайына, сәулетшінің талғамы мен жобасына да байланысты қилы-қилы үлгі мен түрлі кейіпте бола береді. Қазақстандағы көрнекті көне және жаңа ғимараттардың үлгілері ретінде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Алматы қаласындағы Республика сарайы, Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұражайының үйі сияқты оқшау архитектуралық үлгіде салынған құрылыстарды атауға болады.[1][2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8