Мазмұнға өту

Эрнст Хаппель

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Эрнст Хаппель Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

29 қараша 1925 (1925-11-29)

Туған жері

Вена

Қайтыс болған күні

14 қараша 1992 (1992-11-14) (66 жас)

Азаматтығы

 Аустрия

Бойы

178

Позиция

қорғаушы

Жастар клубы
1938—1942 Үшінші Рейх Рапид (Вена)
Клуб карьерасы[* 1]
1942—1954 Аустрия Рапид (Вена) 177 (8)
1955—1956 Франция Расинг (Париж) 42 (9)
1956—1959 Аустрия Рапид (Вена) 63 (17)
Ұлттық құрамы[* 2]
1947—1958  Аустрия 51 (5)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Эрнст Франц Герман Хаппель (нем. Ernst Franz Hermann Happel; 29 қараша 1925[1], Вена — 14 қараша 1992, Инсбрук) — аустриялық футболшы, футбол жаттықтырушысы. 1954 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері.

1938 жылы туған клубы "Рапидтің" жастар клубына қабылданды. Карьерасында ұзақ жылдар бойы "Рапид" клубында доп тепті. Тек 1955 жылы "Расинг" (Париж) клубына ауысып, бір маусымнан соң қайта оралды.

Аустрия Ұлттық құрамасы сапында тұңғыш рет 1945 жылы алаңға шықты. 1958 жылғы әлем чемпионатына қатысты да, сол жылы қыркүйекте құрамадағы карьерасына нүкте қойды. Соңғы ойынын 14 қыркүйекте (құрамадағы карьерасын дәл осы 14 қыркүйекте бастаған болатын) Югославияға қарсы өткізді (3:4).

1959 жылы карьерасын аяқтады да, 1962 жылы бапкерлікке кірісті. 1970 жылы "Фейеноорд" клубын жаттықтырып, Еуропа Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Осы жетістігін 1983 жылы "Гамбургты" жаттықтырушысы ретінде қайталады.

1978 жылы Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының тізгінін ұстап, сол жылғы әлем біріншілігінде финалға дейін жетті де, Аргентинадан 1:3 есебімен ұтылды.

1991 жылы Аустрия құрамасының тізгінін ұстады.

Бір жылдан соң Инсбуркте ақ қан ауруынан өмірден өтті. Көп ұзамай Венадағы "Пратер" стадионына Хаппельдің аты берілген.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ойыншы ретінде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Аустрия чемпионы (6): 1946, 1948, 1951, 1952, 1954, 1957
  • Аустрия кубогы: 1946
  • ӘЧ қола жүлдегері: 1954

Бапкер ретінде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ұлттық турнирлерде
  • Нидерланд чемпионы : 1971 («Фейеноорд»)
  • Нидерланд кубогы: 1968 (АДО)
  • Бельгия чемпионы (3): 1975/76, 1976/77, 1977/78 («Брюгге»)
  • Бельгия кубогы (2): 1977 («Брюгге»), 1981 («Стандард»)
  • Германия чемпионы (2): 1982, 1983 («Гамбург»)
  • Германия кубогы: 1987 («Гамбург»)
  • Аустрия чемпионы (2): 1989, 1990 («Сваровски-Тироль»)
  • Аустрия кубогы: 1989 («Сваровски-Тироль»)
Халықаралық
  • Чемпиондар Лигасының жеңімпазы (2): 1970 («Фейеноорд»), 1983 («Гамбург»)
  • Құрлықаралық кубоктың жеңімпазы: 1970 («Фейеноорд»)
Құрамада
  • ӘЧ финалисі: 1978 (Нидерланд)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]