Білдек
Білдек – әр түрлі материалдарды өңдеуге арналған машина.
Кейде өндірісте қолданылатын сүйемелдеуші құрылғыны да білдек деп атайды. Металл кесу, ағаш кесу, тас, тас өңдеу білдектеры болады. Тоқыма өндірісінде тоқу білдегі қолданылады. Білдектің сондай-ақ ажарлау, теңгеру, сүргілеу, жону станогы сияқты түрлері болады.
Білдектің қаңқасы (жақтауы)- станоктың тетіктері мен механизмдері үшін тірек болып табылатын қаңқа.[1]
Түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Автомат-білдек - бұйым жасауға арналған затты технологиялық талапқа сәйкес басынан аяғына дейін толық өздігінен атқаратын білдек.
Агрегат-білдек (Станок-агрегат) — қозғалыстарының өзара байланыстығы мен жүйелігі басқарудың біртұтас жүйесімен реттелетін агрегаттары (күш бастиектері) бір-бірімен кинематикалық байланысқа түспейтін металкескіш білдек.
Ажарлағыш білдек (Станок шлифовальный) — дайындамаларды тез айналатын қажақ құралдармен өңдеуге арналған білдек.
Айналма үстелді жонғыш білдек (Станок карусельно-фрезерный) — дайындамалардың жалпақ элементтерін үздіксіз жонғылаумен өңдеуге арналған айналма үстелді білдек.
Алмас-кеңейте жону білдегі (Станок алмазно-расточный) — жонудың жоғары жылдамдығында, кіші берістер және терең жону кезінде тесіктерді алмас немесе қатты қорытпалы кескіштермен жұқалай таза жонуға арналған кеңейжонғыш білдек.
Арнайы білдек (Станок специальный) — бір типті дайындамаларды өндеуге арналған білдек.
Әмбебап білдек (Станок универсальный) — әр түрлі дайындамаларды өндеу кезінде операциялардың әжептеуір мөлшерін орындауға арналған білдек.
Әрлегіш білдек (Станок полировальный) — әрлеуге арналған білдек.
Бойлай жонғылағыш білдек (Станок продольно-фрезерный) — қайтымды-ілгерілемелі орын ауыстыратын үстелі мен бірнеше жонғыш айналдырықтары бар және ірі габаритті тетіктердің жалпақ элементтерін өндеуге арналған білдек.
Бұранда ажарлағыш білдек (Станок резьбошлифовальный) — дәл бұрамалы беттерді пішінді ажарлағыш шарықтаспен тазалай өңдеуге арналған білдек.
Вертикаль-тартаөңдегіш білдек (Станок вертикально-протяжной) — тартажонғыш құралдарының қайтымды-ілгерілемелі тік орын ауыстыруымен әр түрлі пішіндердің сыртқы беттерін өңдеуге арналған тартаөндегіш білдек.
Вертикаль-бұрғылағыш білдек (Станок вертикально-сверлильный) — айналдырығының осі тік орналасқан бұрғылағыш білдек.
Вертикаль-жонғылағыш білдек (Станок вертикально-фрезерный) — айналдырығының осі тік орналасқан жонғылағыш білдек.
Горизонталь-кеңейжону білдегі (Станок горизонтально-расточный) — айналдырығының осі көлденең орналасқан кеңейжонғыш білдек.
Горизонталь-тартаөңдегіш білдек (Станок горизонтально-протяжной) — тартажонғыш құралдары көлденең орын ауыстыра отырып, негізінен, ішкі тартажонуға арналған тартаөңдегіш білдек.
Дөңгелете ажарлағыш білдек (Станок круглошлифовальный) — центрлерде орнатылған немесе қысқыда бекітілген дайындамалардың сыртқы цилиндр, конустық, сұлбалық жөне жалпақ (дүмдік) беттерін өңдеуге арналған ажарлағыш білдек.
Жонғылағыш білдек (Станок фрезерный) — дайындамалардың әр түрлі беттерін тиісті орын ауыстырулар кезінде жонғыштармен өғдеуге арналған білдек.
Жазық ажарлағыш білдек (Станок плоскошлифовальный) — шеттікпен жазық ажарлауға немесе ажарлағыш шарықтастың бүйірімен өғдеуге арналған білдек.
Жонғыш білдек (Станок токарный) — айналма денелер типіндегі дайындамаларды жону арқылы өндеуге арналған білдек.
Жартылай автоматты білдек (Станок полуавтомат) — дайындаманы өңдеудің барлық циклі автоматты түрде жүргізілетін, алайда білдекті орнату, іске қосу жөне өңделген тетікті түсіру үшін жұмысшының араласуын қажет ететін білдек.
Жонғыш-айналма үстелді білдек (Станок токарно-карусельный) — дайындамалардың жалпақ элементтерін үздіксіз жону арқылы өңдеуге арналған айналма үстелді білдек.
Жонғыш-бүрама кескіш білдек (Станок токарно-винторезный) — көбінесе айналма денелер типіндегі тетіктерді жонуға, кеңейту-жонуға және бұрандалар оюға арналған артқы тұғыры, жүрістік бұрамасы мен жүрістік білігі бар жонғыш білдек.
Жонғыш-револьверлі білдек (Станок токарно-револьверный) — ұясында дайындамаларды өндеуге арналған қажетті құралдар орналасқан айналмалы револьверлі бастиегі (артқы тұғырдың орнына) бар жонғыш білдек.
Кеңейжойғыш білдек (Станок расточный) — алдын ала жасалған тетіктерді айналма құралдармен өңдеуге арналған білдек.
Көлденең сүргілегіш білдек (Станок поперечно-строгальный) — негізгі қозғалысты құрал, ал беріс қозғалысын мерзім-мерзім дайындама жүзеге асырып отыратын сүргілегіш білдек.
Көп кескішті жонғыш білдек (Станок многорезцовый токарный) — кескіштерімен дайындаманың әр түрлі беттерін бір уақытта өңдеуге арналған білдек.
Жануыштығыш білдек (Станок хонинговальный) — өз осінің бойымен айналма және қайтымды-ілгерілемелі қозғалысы бар жануыш құралдармен тазалауға (мысалы, әрлеу, ысқылау) және тесіктерді түпкілікті өңдеуге арналған білдек.
Көп мақсатты білдек (Өңдегіш центр) (Станок многоцелевой (обрабатывающий центр)) — әр түрлі операцияларға (мысалы, жону, бұрғылау, кеңейжону, кесу) арналған және жинақтауышында қажетті құралдары бар білдек.
Көшіргіш-жонғыш білдек (Станок токарно-копировальный) — қисық сызықты беттерді көшіргіш бойынша өңдеуге арналған жонғыш білдек.
Көшіргіш-жонғылағыш білдек (Станок копировально-фрезерный) — қисық сызықты беттерді көшіргіш бойынша жазықтық жөне көлемдік өңдеуге арналған бақылау жүйесі бар жонғылағыш білдек.
Қашағыш білдек (Станок долбежный) — сырғағы тік орналасқан және қашауға арналған білдек.
Металл кескіш білдек (Станок металлорежущий) — жонумен өңдеуге арналған білдек.
Нақыш-жонғылағыш білдек (Станок гравировально- фрезерный) — нақыштағыш айлабұйымы бар кішігірім көшіргіш-жонғыш білдек.
Пышқылы білдек (Станок ножовочный) — электр немесе пневматикалық жетекті пышқылы жал түріндегі жұмыс органы бар білдек.
Радиаль бұрғылағыш білдек (Станок радиально-сверлиль- ный) — айналма маңдайшасында орналасқан бұрғылағыш бастиекпен (басшамен) ірі габаритті тетіктердің тесіктерін өндеуге арналған металкескіш білдек.
Сыдыры ажарлағыш білдек (Станок обдирочно-шлифовальный) — алдын ала (қаралтым) өңдеуге арналған ажарлағыш білдек.
Тарта өңдегіш білдек (Станок протяжной) — сыртқы жөне ішкі беттерді тарта жонумен өңдеуге арналған металкескіш білдек.[2][3]
Тескіш білдекші - металдан және басқа жадұғыттардан дайындалған дайындамаларда тесік бұрғылауға арналған станок.
Токарлық білдек - бұл кең тараған метал кесу білдегінің бір түрі, айналма денелер тәрізді дайындамаларды кесіп өңдеу үшін арналған.
Білдектің электроаппаратурасы - білдектің электр аппараттары, аспаптары мен ток өткізуші бөліктерінің жиынтығы.
Білдектің электржабдықтары - білдектің электр қозғағыштары мен электр аппаратураларының жиынтығы.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
- ↑ Қазақ энциклопедиясы
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6