Мазмұнға өту

Кәдімгі бөріқарақат

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Сары ағаш бетінен бағытталды)
Кәдімгі бөріқарақат
Berberis vulgaris[1]
Berberis vulgaris[1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Plantae
(unranked) Eudicots
Сабы: Ranunculales
Тұқымдасы: Бөріқарақат тұқымдасы
Тегі: Berberis
Түрі: B. vulgaris
Екі-есімді атауы
Berberis vulgaris
L.
Синонимдері
  • Berberis abortiva P.Renault
  • Berberis acida Gilib.
  • Berberis aethnensis Bourg. ex Willk. & Lange
  • Berberis alba Poit. & Turpin
  • Berberis angulizans G.Nicholson
  • Berberis apyrena K.Koch
  • Berberis arborescens K.Koch
  • Berberis articulata Loisel.
  • Berberis asperma Poit. & Turpin
  • Berberis aurea Tausch
  • Berberis bigelovii Schrad.
  • Berberis corallina G.Nicholson
  • Berberis dentata Tausch
  • Berberis dentata var. capitata Tausch
  • Berberis dulcis K.Koch
  • Berberis dumetorum Gouan
  • Berberis edulis K.Koch
  • Berberis elongata G.Nicholson
  • Berberis globularis G.Nicholson
  • Berberis hakodate Dippel
  • Berberis heterophylla K.Koch
  • Berberis iberica Sweet
  • Berberis innominata Kielm.
  • Berberis irritabilis Salisb.
  • Berberis jacquinii K.Koch
  • Berberis latifolia Poit. & Turpin
  • Berberis marginata K.Koch
  • Berberis maxima G.Nicholson
  • Berberis maximowiczii Regel
  • Berberis microphylla F.Dietr.
  • Berberis mitis Schrad.
  • Berberis nepalensis K.Koch
  • Berberis nitens Schrad.
  • Berberis obovata Schrad.
  • Berberis orientalis C.K.Schneid.
  • Berberis pangharengensis G.Nicholson
  • Berberis pauciflora Salisb.
  • Berberis racemosa Stokes
  • Berberis rubra Poit. & Turpin
  • Berberis sanguinea K.Koch
  • Berberis sanguinolenta K.Koch
  • Berberis sibirica Schult. & Schult.f.
  • Berberis sieboldii Dippel
  • Berberis sylvestris Poit. & Turpin
  • Berberis violacea Poit. & Turpin

Кәдімгі бөріқарақат немесе Зерек (лат. Berberis vulgaris) — Бөріқарақат тұқымдасына жататын бұталы өсімдік.

Ол бұтақты болады да жапырақтары спираль тәрізді бұралып өседі. Ұзындығы 1-2 метрге дейін жетеді. Тамыры ағашқа ұқсас, жерге тармақталып тарайды да, бұтақтары үшке бөлініп түйінделіп өседі, олардың қысқа бұталарында жапырақтар шоғыры болады. Желектері мен аталықтары тостағанша жапырақшаларға қарсы орналасады, төменнен жоғары қарай ашылады. Жемісі – қызыл түсті, сопақша миуа.

Орта Азияда, Ресейдің Еуропалық бөлігінде және Кавказда өседі. Жатаған тауларда, қалың орманды, өзенді сайларда, жылғаларда, бөктер тау беткейлеріндегі бұталар арасында өседі.

Химиялық құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кәдімгі бөріқарақатың барлық өн бойы алкалоидтарға бай. Тамыр қабығы мен жапырақтарынан берберин C20H19NO5 алкалоиды бөлініп алынды, сонымен бірге едәуір мөлшерде пальматин – С21H21NO4, колумбамин – C20H19NO4, яртрорицин – C20H23NO4 және оксиакантин C19H21NO3 бар.

Жинау және өңдеу әдісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тамыры, қабығы және жемісі дәрі болады. Тамыры мен қабығын жылдың әрқандай мезгілінде, көбінесе көктем, күз айларында жинап алып, тазалап, жапырақтап турап кептіреді. Тамыры және сабағының қалың қабығының астындағы сары астары сары дәрі болады.

Қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ащы дәмді, суық райлы, ыстықты басып, дымқылдықты құрғатады, уытты қайтарады.

Соңғы кездерде Амур зерегінің жапырақтарынан тұнба ретінде дәрі жасалып, он босағаннан кейін жатыр гипетониясына, оснымен бірге басқа дәрілермен қоса жатыр эндометриті мен субинволюциясын емдеу үшін қолданады. Зерек жапрағынан жасалған тұнбаның қан тоқтатарлықтай қасиеті болады және жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына мүмкіндік береді, жүрек соғысының ритмін жиілетіп, амплитудасын арттырады., қан қысымын төмендетеді. Онымен бірге зирек препараттары өт қабының тонусын төмендетіп, олардың қысқартуын сиретеді де амплитудасын төмендетеді. Өт қабығы аурулары ( ұзаққа созылып қайталап отыратын холецистит, өт қабының дискензиясы) кезінде олар өт ағысын жақсартып, әр түрлі ауруларын басып және оның қабыну құбылыстарын азайтады. Зерек жапырақтарынан жасалған тұнбаны безгектің салдарынан үлкейген көкбауырды және бауыр ауруларын емдеу үшін пайдаланады, онымен бірге босанғаннан кейінгі жатырдың жиырылып, қалпына келуі үшін қолданылады. Оның жемісін асқа тәбетті көтеруге, шөл қандыруға, қызу көтеріліп, аласұру жағдайында қызуды төмендететін, іш өткенге, геморрой ауруына, сондай-ақ өт жүргізетін, несеп жүргізетін және қан жүрісін жақсартатын дәрі ретінде пайдаланады. Зерек тамырларының қабығынан суға салып тұндырған тұнбаны шеммен және сары ауруларымен қосарлана жүретін бауыр және бүйрек ауруларына, әсіресе өт тасы аурулары мен подагра, ревматизм және құяң ауруларына қарсы пайдаланады. Сол сияқты жатырдан қан кеткенде оны қан тоқтататын дәрі ретінде де жиі қолданылады. Тамыр қайнатындысын асқазан ауруларын, безгек, ревматизм, плеврит және туберкулез аураларын емдеуге кеңінен қолданылады. Зеректің кептірген қабығы мен тамырынан жасалған тұнбасын қан тоқтатын, тер шығаратын дәрі ретінде де пайдаланады. Зиректің әр түрлерінен жасалған препараттарды шетелдерде безгек салдарынан болған ісінген көк бауырды, қарын мен ұлатбардың жарасын жазу үшін пайдаланады. Құрамында берберин алкалоидының болатынына негіздеп қатерлі ісіктерге қарсы да қолданады. Берберин алкалоидының қатерлі ісікке қарсы тұрарлық қасиеті барлығын 1996 жылы К.Балицкий, А.Воронцова, А.Карпухиналар дәлелдеген болатын. Зирек сабағын тибеттік медицина да сарыауруға қарсы қолданады. Тамыр қабығынан жасалған қайнатындыны – коньюнктивит (көздің дәнекер қабығының қабынуы) ауруы және жараны жазатын дәрі ретінде, ал гүлдерінен іш өтуге және шірінше ауруына қарсы қолданылатын дәрілер жасайды[2].

Басты ем болатын аурулары және пайдаланылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Бактериалық дизентерияға, ішек асқазан қабынуға: сары ағаштан 15 г-ды суға қайнатып ішеді.
  • Қайталамалы сүзекке: сары ағаштан 2 г турап,оны 10 л суға қайнатып, 5 л қалғанда әр ретте 100 мг-нан күніне 2-3 рет ішеді.
  • Кеңірдекшенің созылмалы қабынуына: сары ағаш 30г, тұт ағаш (шелковица)
  • Ауыз ойылуға, тамақ ауруына: сары ағаш тамырынан 15 г-ды суға қайнатып, ауызды күніне бірнеше рет шаяды[3].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. 1885 illustration from Prof. Dr. Otto Wilhelm Thomé Flora von Deutschland, Österreich und der Schweiz 1885, Gera, Germany
  2. "Дәрілік өсімдіктер"/Бас редакторы М.Қожабеков-"Қазақстан" баспасы,1975.
  3. Қазақсатан әйелдері журналы 1925 Жылдан шыға бастады №3 2001ж.