Мазмұнға өту

Жасанды тілдер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жасанды тілдер (ағылш. artificial language) — белгілі білім саласындағы формализация үшін (ғылымның символдық тілі), ақпаратты іздестіруде мәтінді өңдеу мен қысқарту үшін (автоматты тәржімалау, аудару), адамның ЭЕМ-на команда беруі үшін (бағдарлама тілдері), халықаралық қатынас үшін (Халықаралық Ж.т. Көмекші тіл) жасалған табиғи тілдің аналогі,[1] қолдан халықаралық қарым-қатынас құралын жасау әрекетінің нәтижелері.

Жасанды тілдер жасау 17 ғасырда латын тілінің халықаралық маңызы бәсеңдеуіне байланысты, әлем халықтарының қарым- қатынасын жеңілдету мақсатынан туды. Жасанды тілдердің ғылымда белгілі бірнеше түрі бар:

Жасанды тілдердің 200-ден астам түрлерінің жобасы жасалған. Бұлар әр түрлі тәсілмен жасалған: табиғи тілден сөз ала отырып, көбінесе, ойдан шығарылған сөздер пайдаланылған (волапюк, т.б.), интернационалдық лексика пайдаланылып жасалған (эсперанто). Жасанды тілдерде бірнеше оқулықтар мен сөздіктер жарық көрді.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Абасилов А. Әлеуметтік лингвистика сөздігі.-Қызылорда, 2008.-145 бет.
  2. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9
  3. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3