Мазмұнға өту

Виктор Яковлевич Субботин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Субботин Виктор Яковлевич
Туған күні

8 қыркүйек 1911 (1911-09-08)

Туған жері

Кудымкар, Пермь өлкесі, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

23 қазан 1994 (1994-10-23) (83 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы, Қазақстан

Азаматтығы

 Қазақстан
 КСРО (1922-1991)
Ресей империясы (1911-1922)

Ғылыми аясы

зоотехния

Несімен белгілі

Қазақтың ақ бас сиырын шығаруының селекциялық жұмысымен

Виктор Яковлевич Субботин (8 қыркүйек 1911 жылы Пермь облысында туған)- қазақстандық селекционер - зоотехник. Қаз АКСР - нің еңбек сіңірген зоотехнигі (1971).

Мәскеудің зоотехникалық институтын бітіріп (1935), Қарағанды облысы Тельман селосында, кейін Семей облысы "Шалабай" асыл тұқымды мал селосында аға зоотехник, 1938-47 жылдары Қаз АКСР Совхоздар халкомында зоотехник, аға зоотехник, бас зоотехник, зоотехника бөлімі бастығы.

1947-54 жылдары Қазақ АКСР Совхоздар министрлігі аппаратында зоотехния бөлімі бастығы, коллегия мүшесі, Солтүстік совхоздар басқармасы бастығының орынбасары, Мал шаруашлығы басқармасының бастығы, министрдің орынбасары.

1954-64 жылдары Қазақстан КП ОК-нде ауыл шаруашылығы бөлім меңгерушісінің орынбасары, осы бөлімнің меңгерушісі, Қазақстан КП ОК-нің ауыл шаруашылығына басшылық ету бюросы председателінің орынбасары, 1964-65 жылдары Қаз АКСР ауыл шаруашылығы министрі.

1965 жылдан Қаз АКСР ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары[1]

Еңбектері мен марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Субботин мал шаруашылығы жөнінде 20-дан астам ғылыми еңбек жариялады.

Қазақтың ақ бас сиырын шығаруда селекциялық жұмыстағы еңбегі үшін (бір топ ғалымдармен бірге) Субботинге КСРО Мемлекет сыйлығының лауреаты атағы берілді (1951).

4 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен наградталған.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1977 ж. 10-том, Самал Жел-Тегене. 432-бет
  2. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 429-432 бет