Ақсақал Қалмырзаев
Ақсақал Қалмырзаев - (2.7.1936, Түркістан облысы Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауылы - 20.08.2013, Шымкент) - актер, Қазақстанның халық артисі (1993). Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан.[1]
Ташкент театр-көркемсурет институтын бітірген (1957). Осы жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрының труппасына қабылданады. Ол ұлттық және шет ел, орыс драматургтерінің шығармаларында ойнады. Қалмырзаев: Төлеген, Жалмұқан (Ғ.Мүсіреповтің "Қыз Жібегі" мен "Ақан сері - Ақтоқты"), Сырым, Кебек, Абыз, Әлібек (М.Әуезовтің "Қарагөз", "Еңлік - Кебегі" мен "Айман - Шолпанында"), Сәкен Сейфуллин, Текеш (Ә.Әбішовтің "Сәлем, Сәкен атасы" мен "Мәдиінде"), Абылай (Қ.Бекхожиннің "Ұлан асуында"), Данияр (Ш.Айтматовтың "Аңсаған менің әнімсіңінде ), Фердинанд (Ф.Шиллердің "Зұлымдық пен махаббатында") тұлғаларын сомдады.
Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамо��асымен (1980), "Парасат" орденімен (2003) марапатталған.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ә.Дәуітбеков Сиқым Тоғатай шежіресі — Шымкент: ЖШС Кітап, 2015. — ISBN 978-601-7404-68-0.
- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
- 2 шілдеде туғандар
- 1936 жылы туғандар
- Сайрам ауданында туғандар
- 20 тамызда қайтыс болғандар
- 2013 жылы қайтыс болғандар
- Шымкентте қайтыс болғандар
- КСРО актерлері
- Қазақстан актерлері
- Қазақстан халық әртістері
- XX ғасыр актерлері
- XXI ғасыр актерлері
- Өзбекстан мемлекеттік өнер институты түлектері
- Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры тұлғалары
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері
- Парасат орденінің иегерлері