Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі
Көрініс
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі (2022 жылға дейін ҚР Мемлекеттік хатшысы) — Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғасы.
Мемлекеттік кеңесші өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей басшылығымен жүзеге асырады, оған есеп береді және бақылауында болады.
Мемлекеттік кеңесші қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де актілері құрайды.[1]
Мемлекеттік кеңесші өкілеттігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақстан Республикасының Президентіне ішкі саясат саласы бойынша стратегиялық ұсыныстарды тұжырымдайды;
- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша:
- Қазақстан Республикасының Парламентімен және оның палаталарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен және өзге де қоғамдық бірлестіктерімен қарым-қатынастарда; халықаралық қатынастарда оның мүдделерін білдіреді;
- Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның,
- Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның,
- Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның,
- Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссияның,
- Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның,
- Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның,
- Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның,
- Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның,
- Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның,
- Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;
- Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың:
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді, қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдамалық құрылымдардың жұмысын үйлестіреді;
- "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
- Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Өкілеттігін іске асыру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- өкімдер шығаруға;
- өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар беруге;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысуға;
- өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен басқа да материалдарды сұратуға және алуға;
- өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ Мемлекет басшысы алға қойған өзге де міндеттерді шешу үшін ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға құқылы.
Мемлекеттік хатшының қызметін ұйымдық-құқықтық, ақпараттық-талдау және өзгедей қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.
Қызметте болған адамдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]№ | Аты-жөні | Лауазымға тағайындалды | Лауазымынан босатылды | |
---|---|---|---|---|
1 | Ахметжан Есімов | 4 наурыз 1996 | 24 қазан 1996 | |
2 | Әбіш Кекілбайұлы | 30 қазан 1996 | 29 қаңтар 2002 | |
3 | Қасым-Жомарт Тоқаев | 29 қаңтар 2002 | 13 маусым 2003 | |
4 | Иманғали Тасмағамбетов | 13 маусым 2003 | 9 наурыз 2004 | |
5 | Оралбай Әбдікәрімов | 10 наурыз 2004 | 15 мамыр 2007 | |
6 | Қанат Саудабаев | 15 мамыр 2007 | 23 қаңтар 2012 | |
7 | Мұхтар Құл-Мұхаммед | 23 қаңтар 2012 | 16 қаңтар 2013 | |
8 | Марат Тәжин | 16 қаңтар 2013 | 21 қаңтар 2014 | |
м.а. | Кәрім Мәсімов | 21 қаңтар 2014 | 2 сәуір 2014 | |
9 | Әділбек Жақсыбеков | 2 сәуір 2014 | 22 қазан 2014 | |
м.а. | Нұрлан Нығматулин | 22 қазан 2014 | 11 қараша 2014 | |
10 | Гүлшара Әбдіқалықова | 11 қараша 2014 | 25 ақпан 2019 | |
11 | Бақытжан Сағынтаев | 1 наурыз 2019 | 24 наурыз 2019 | |
12 | Марат Тәжин | 24 наурыз 2019 | 18 қыркүйек 2019 | |
13 | Қырымбек Көшербаев | 18 қыркүйек 2019 | 5 қаңтар 2022 | |
14 | Ерлан Қарин | 5 қаңтар 2022 | 14 маусым 2022 |
№ | Аты-жөні | Лауазымға тағайындалды | Лауазымынан босатылды | |
---|---|---|---|---|
1 | Ерлан Қарин | 14 маусым 2022 | қызметте |
Cілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ, 2007 жылғы 13 тамыз N 379