Вилли Штоф
Вилли Штоф (нем. Willi Stoph; 9 шілде 1914, Шёнеберг — 13 сәуір 1999, Берлин) — ГДР-дің партия және мемлекет қайраткері. 1928 жылы жастардың коммунистік одағына, 1931 жылы Германия коммунистік партиясына кірді. 1933-45 жылдары антифашистік астыратын жұмыста болды. 1948-58 жылдары Германияның социалистік бір тұтас партиясының орталық басқармасы жанындағы экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі. 1950 жылдан ГСБТП ОК-нің мүшесі, ГДР ұлттық палатасының депутаты. 1950-53 жылдары ГСБТП ОК нің секретары, 1953 жылдан бастап ГСБТП ОК Саяси бюросының мүшесі. 1952-55 жылдары Ішкі істер министрі. 1956-60 жылдары Ұлттық қорғаныс министрі. 1954-64 жылдары ГДР министрлік советі председателінің бірінші орынбасары, 1964-73 жылдары ГДР министрлік советінің председателі. 1973-76 жылдары ГДР мемлекет советінің председателі, 1976 жылы қазанынынан ГДР Мин. Советінің председателі. Карл Маркс, Отан алдындағы еңбегі үшін, Еңбек туы ордендерімен, ГДР медальдарымен ��әне Ленин орденімен марапатталалды. ГДР еңбек ері ресми сапармен КСРО-да бірнеше рет болды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы 12 том