Мазмұнға өту

Бозащы мұнай-газ кен орны

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бозащы мұнай-газ кен орны
45°09′55″ с. е. 51°39′18″ ш. б. / 45.16528° с. е. 51.65500° ш. б. / 45.16528; 51.65500 (G) (O) (Я)Координаттар: 45°09′55″ с. е. 51°39′18″ ш. б. / 45.16528° с. е. 51.65500° ш. б. / 45.16528; 51.65500 (G) (O) (Я)
Ел Қазақстан
АймақМаңғыстау облысы
ОрналасуыБозащы түбегі
Ашылған уақыты1975 жыл
Игеріле бастады1975 жыл
Өндіре бастады1978 жыл
Теңгерімдік қорлары50-80 млн. тонн
Жылдық өнімі1,8 млн. тонн
Жер қойнауын пайдаланушыBuzachi Operating Ltd.
Бозащы мұнай-газ кен орны (Қазақстан)
Бозащы мұнай-газ кен орны
Бозащы мұнай-газ кен орны (Маңғыстау облысы)
Бозащы мұнай-газ кен орны

Бозащы мұнай-газ кен орныМаңғыстау облысы Ақтау қаласынан солтүстікке қарай 175 км жерде, Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауындағы Бозащы түбегінде орналасқан.

Кен орны сейсмикалық барлау нәтижесінде 1975 жылы анықталған. Бұрғылау жұмыстары 1975-1978 жылдары жүргізілген.

Иеленушілері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Геологиялық құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кен орны антиклинальдық құрылыммен байланысты. Юра мен бор шөгінді жыныстарынан тұратын құрылымның орталық бөлігі тектоникалық жарылымдармен 10 блокқа бөлшектелген.

Жатыс сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қалыңдығы 4,2-20 м кенге бай мұнай-газ шоғырлары юра қабаттарында кездеседі. Коллекторлар құмтас және алевритті жыныстардан құралған, олардың орташа кеуектілігі 26-28%. Мұнайдың бастапқы тәуліктік өнімділігі 3,4-48 м3 болды (газ 25-54 мың м3).

��ұнайы ауыр, тығыздығы 0,938 – 0,940 г/см3, күкірті 2%, парафині 1,5%, шайыры 15%. Мұнайдың құрамында ванадий мен никель бар. Газы «құрғақ», құрамында 95,5% метан, 4,5% басқа көмірсутектер бар. Кен орны өндірістік игеруге дайындалған.