Мазмұнға өту

Йорк (Англия)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қала
Йорк
York
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Ұлыбритания

Аймағы

Йоркшир және Хамбер

Ауданы

Солтүстік Йоркшир

Тарихы мен географиясы
Координаттары

53°57′ с. е. 1°05′ б. б. / 53.950° с. е. 1.083° б. б. / 53.950; -1.083 (G) (O) (Я)Координаттар: 53°57′ с. е. 1°05′ б. б. / 53.950° с. е. 1.083° б. б. / 53.950; -1.083 (G) (O) (Я)

Алғашқы дерек

Б.з. дейін 72 жыл

Бұрынғы атаулары

Eboracum

Жер аумағы

271.94 км²

Уақыт белдеуі

UTC+0

Тұрғындары
Тұрғыны

257,342 адам (2016)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

01904

Пошта индексі

YO

york.gov.uk

Йорк картада
Йорк
Йорк

Йорк(лат. Eboracum, Eburacum, Eburaci) –Англияның маңызды қалаларының бірі. Салтанатты Солтүстік Йоркшир графствосының Оңтүстік-шығыс бөлігіндегі «сити» мәртебесі бар біртекті әкімшілік бірлік және басты қала. Қалада Йорк провинциясының архиепископ резиденциясы орналасқан.

Қалада қымбат тарихи және мәдениетті мирас бар. Көп уақыт оның аясында Ағылшын Патшалығының бүкіл тарихына әсер қалдырған маңызды саяси оқиғалар дамыды.

Туризм де қалалық табыстың маңызды бөлімі болып табылады. Йорк байтақ тарихи және архитектуралық ескерткіштермен танымал. Ең танымалысы Йорктық кафедралық собор. Йорктық атойнақ және «Йорк Сити» футболдық командасының үй стадионы-стадион Кит-Кат-Кресент қаланың басты спорттық ғимараттары болып табылады. Уз өзенінде өзен серуендеуімен қоса спорттық жарыстар болуы мүмкін.

Солтүстік Англияның дәстүрлі астанасы римдік Эборак бекінісінде өмір сүрген бриттер тайпасының атымен біздің заманымыздың 71 жылында пайда болды. Римдіктер Эборакты өздерінің Төменгі Британия провинциясының астанасы жасады. 415 жылы римдік әмірліктің соңында мекен герман англдар тайпасымен басып алынды. Олармен негізделген қаланың аты Эофорвикке ауыстырылып, Нортумбрия патшалығының астанасы болды. Эборакта 211 жылы римдік император Септимий Север өлді. Кейінірек Ұлы Константин император атағын иеленді. VI ғасырдан Йорк – ағылшын-сакстардың Нортумбрия патшалығының орталығы. Бірінші Йорктың епископі-Паулин өзінің атағын кейін Йорк-Минстер пайда болған жерде ағаштан жасалған шіркеуде алды. Паулин 627 жылы сол жерде Әулие Эдвин патшаны шоқындырды. Йорк 732 жылы архиепископ болды. 735 жыл- Йорктің архиепископ резиденциясы.

866 жылы қаланы жаулап алған викингтер қаланың атын Йорвик деп ауыстырды. Соның нәтижесінде қала Солтүстік Англияның көп бөлігінде орналасқан бір аттас патшалықтың астанасы болды. Нормандар Англияны жаулап алғаннан кейін қала өзінің заманауи атын алды. Орта ғасырда Йорк жүн саудасының басты орталығы және ағылшын патшалығының солтүстік митрополиясы болды.

Орта ғасырда қаланың амандығы орман саудасының тірегі болды.

Қаланың Йорктік аңғардың тап ортасында, Уз өзенінде, Лондон мен Эдинбургтің жарты жолының арасында орналасуының себебі Йорк көп уақытқа дейін мемлекеттің көлік жүйесінде маңызды орын алды. Қаржыгер Джордж Хадсонның әсерімен XIX ғасырда Йорк маңызды теміржол торабы және империяның өндірістік орталығы болды.Соңғы он жылда қаланың экономикасы теміржол және кондитерлік өндіруден қызмет сферасына көшті. Қазіргі кезде басты жұмыс беруші Йорктік университет пен денсаулық сақтау қызметі. XIX ғасырда қалада әйнек пен темір бұйымдарының, кілемнің, жапсырма мен әдемілік бұйымдарының, қызған көмір саудасының, астық биржасының зауыт пен фабрикасы болды.

Жүз жылдың ішінде (1890-1991) тұрғындардың саны 60 000 –нан 100 600 –ға дейін өсті.

Атаудың шығу тегі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Йорк» аты қалаға римдіктермен берілген ескі латын атауымен шықты. Әр түрлі дереккөздерде бұл атау «Эборак», «Эбурак» және «Эбураки» секілді аталады. Йорктің бірінші еске алуы 95-104 жылдарға жатады. Ол Нортумбриядағы римдік Виндоланд бекінісінің ескі орнынан табылған хатқа арналған ағаш тақтайшада жазылған.

«Эборак» атауының нақты шығу тегі беймәлім. Себебі римдік жаулап алу кезіндегі жергілікті халықтың тілі туралы мәлімет жоқ. Бүгінгі валлий тілінің туысы кельт тілінің бірінде сол өлкенің халқы сөйлеген деген ой-пікір бар. Атаудың болжамалы мағынасын беруші теориялар басқа кельт тілдерінен алынған білімге сүйенеді. Осылайша, мысалы, «тисті ағаштар өсетін жер» мүмкін мағынасы болып табылады. Дәл осы сөйлемше бриттер тілінде қолданылған «эборакон» мағынасын білдіреді. Екінші мүмкін болатын мағына – «Эборас даласы».

Эборак пен орта ғасырдың басында Британия аймағының айтарлықтай бөлігін жаулап алған англдар қаланы «Эофорвик» деп атаған. Ең дұрысы осылай атағандарының себебі «эофор» ағылшын-саксон сөзімен үндесіп, жабайы қабан дегенді білдіреген. «Вик» деген аяқталуы бар болғаны «орын» дегенді білдірген. 866 жылы дат викингтері қаланы жаулап алған кезде олар атауды өздерінің үлгісіне ауыстырды. Осылай қала «Йорвик» атына ие болды.

Норманндар Англияны жаулап алғаннан кейін Йорк өзінің бүгінгі атын алды. «York» сөзінің бірінші заманауи жазылуы XIII ғасырға жатады.Алайда қазір де қалалық орындар мен компаниялардың аттары,мысалы, такси «Эбор таксис», бұрыңғы римдік атпен байланысқан.

Ертедегі уақыт

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Археологиялық олжалар адамдардың Йорк ауданында әлдеқашан мезолиттен бері қатысатындығын айтады. 8000 мен 7000 ж. біздің заманымыздан бұрыңғы аралықта. Сол елді болу тұрақты немесе уақытша болғандығы беймәлім. Римдіктер Британияны жаулап алған сәтте римдіктерге бригант атымен таныс тайпа бүгінгі қаланың төңірегінде өмір сүрген. Алғашқыда тайпаның барлық тұратын ортасы бриганттардың қарсылағынсыз Римнен тәуелді болды. Алайда кейінірек олардың көсемі үлкен өшпенділік көрсете бастады. Нәтижесінде IX римдік легион Хамберден солтүстікке қарай тайпаның жеріне жіберілді.

Қаланың өзі біздің заманымыздың 71 жылында Уз суларының Фосс өзенінің суларымен қосылу жерінен алыс емес жерде, IX легион бриганттерді бағындырып және Уз өзенінің жазық үстіртіндегі ағаш бекіністі орнатқан кезде құрылды. Кейін таста қайта құрылған бекініс 20 га шамамен ауданды алған. Оның гарнизоны 6000 сарбазға есептелген. Бұрын бекініс тұрған жер Йорктік собордың іргетасының астында орналасқан. Жақындағы қазбалар оның ескі қабырғасының бөлігін ашты.

Адриан, Септимий Север және Констанций I Хлор императорлары әр түрлі әскери кампаниялар кезінде өздерінің ауласымен бірге Йоркте болған. Септимий Север қалада болған кезде Йоркті Британия провинциясының астанасы деп жария етті. Шамасы нақ өзі мекенді барлық отар мен қаланың айрықша құқұғымен сауғаға берді. Император Констанций I Хлор 306 жылы қалада тұрған кезде қаза тапты. Және бекіністе тұрған сарбаздар оның ұлын Ұлы Константинді келесі император қылып сайлады.

VII ғасырда патша Эдвиннің басқаруы кезінде Йорк Нортумбрия патшалығының негізгі қаласы болды. 627 жылы қалада ағаштан жасалған бірінші шіркеу тұрғызылды. Ол жерде Эдвин патша шоқындырылды. Ол да шіркеуді таспен жаңадан салуға бұйрық берді. Алайда 633 жылы патшаның өлімі үшін бұл мәселені Эдвиннің таққа отырғызылған мирасқоры – Освальдқа іске асыру керек болды. Соңынан келетін жүзжылдықта Әулие Петрдің мектебінде Йорктік соборде әйгілі Алкуин қызмет етіп, оқытты. Алкуин- дін маманы және мұғалім.

IX ғасырда Нортумбрия викингтердің құрбаны болды. Йорк 866 жылы басып алынды. Жаңа басқарушылар кезінде қала ірі өзен кемежайы болды, саудада маңызды орын алды. Тәуелсіз Йорквиктің соңғы басшысы-Эйрик Кровавая Секира, ағылшын-саксондармен қуып жіберілді.

Нормандық жаулап алғаннан кейін

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Нормандар Англияны екі рет жаулап алғаннан кейін 1068 жылы Йорктің халқы бас көтерді. Бірінші көтеріліс сәтті өтті, бірақ Вильгельм Басқыншы оны басып алды. Ол әлі де көрінетін Уз өзенінен екі ағаш бекіністі құрастырды. Көтеріліс кезінде өрттін кесірінен ең алғашқы тастан жасалған собор зақымданып қалды. 1080 жылға таман архиепископ Томас жаңа соборды салуға бел буды. XII ғасырда Йорк сауданың орталығында орналасқан үшін гүлдене бастады. Ол ірі сауда орталығы және ганзей кемежайы болды. Йорктік көпес тер мата, балауыз, қағаз және сұлыны Нидерландтан импорттап алды. Сонымен қатар, дәнді Гасконьға экспорттап алды.

Жаңа уақыт

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Реформа нәтижесінде 1889 жылы Йорк қала-графствосына арайланды. 1974 жылы Солтүстік Йоркшир графствосына кірді. 1996 жылы 1 сәуір күні унитарлық бірлікке арайланды.

271 км² ауданды алады. Шығыста Шығыс Йоркшир райдинг графствосымен, оңтүстікте, батыста және солтүстікте Солтүстік Йоркшир графствосымен шекаралас.

Йорк унитарлық бірлігінің аймағында 181 094 адам өмір сүруде. Жұрттың орта тығыздығы 666 адам/км². Қаланың халқы- 137 505 адам.

Йорк 47 депутаттан тұратын қалалық кеңеспен басқарылады. Соңғы сайлау нәтижелері бойынша кеңестің 26 орынын лейбористтер алады.

Йоркте CPP Group ірі компаниясының штаб-пәтері орналасқан. Сонымен қатар, Persimmon plc ірі құрылыстық компаниясының пәтері де орналасқан.

Йоркте Екінші Футбол лигасында 2012/2013-те шыққан кәсіби «Йорк Сити» футбол клубы негізделген. «Йорк Сити» қарсыластарын «Бутхем Кресцент» стадионінде қабылдайды.

Көрікті жерлер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қалаға жыл сайын 3 млн туристтер келіп тұрады.

Ерекшеліктер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

•Қала 10 қақпасы бар ескі қабырғалармен қоршалған.

•Лорд-мэр сарайы.

•Шамблес махалласы.

•Корольдің театрі.

•Қамал мұражайы.

•Ұлттық теміржол мұражайы.

•Университет.

•Сент-Мери аббаттығы.

•Бекініс

Ғимараттардың ең танымалы-Йорктік романды-готикалық собор.

Йорк әдебиетте

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қала танымал әдебиеттік кейіпкер-Робинзон Крузоның мекені болып табылады.

Танымал тұрғындар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

•Ричард III

•Маргарет Клитроу-католиктік әулие.

•Гай Фокс-«Пороховой заговор» қатынасушысы.

•Металкор-группа Asking Alexandria.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]