Мазмұнға өту

Кекілік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кекілік

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Тауықтәрізділер
Тұқымдасы: Қырғауылдар тұқымдасы
Тегі: Alectoris
Түрі: A. chukar
Екі-есімді атауы
Alectoris chukar
(Джон Эдуард Грей, 1830)
Кекілік ареалы (жасыл)
Кекілік ареалы (жасыл)
Синонимдері

Caccabis kakelik

Alectoris chukar falki

Кекілік (лат. Alectoris chukar) – тауықтәрізділер отрядына жататын құстар.


Салм. 400 – 500 г. Ересек Кекіліктің арқасы көкшіл сұр, қанатының жамылғы қауырсындары көкшіл теңбілді қызғылт сары. Қоңыр сары мойны мен шықшыты қара жолақпен көмкерілген, омырауы көкшіл сұр, бауырының қалған жері қоңыр сары, екі бүйірі ақ, бірақ қара, сары жалпақ жолақты. Кекілік Қазақстанда Жетісу (‘’Жоңғар’’) Алатауында, Қаратауда, Іле және Теріскей Алатауында, Сауыр, Тарбағатайда, Үстірт, Маңғыстауда тараған. Кекілік – ұяламаған уақытта топтанып жүреді, тұрғылықты құс. Жердегі не тас арасындағы шұқыршықтарға құрғақ шөп төсеп, 7 – 22 жұмыртқа салады. Өсімдік дәнін, жәндіктерді жейді. Кекіліктің еті дәмді, арнайы рұқсатпен ауланады.[2]

Кекілік - орташа денелі тауық тұқымдастардың өкілі. Қара жолақпен жиектелген, ақ тамақты, екі бүйірі ақ және қара қиғаш жолақты, екі бүйірі ақ және қара қиғаш жолақты ашық өңді құс. Тұмсығы және аяғы - ашық қызыл түсті. Ұялау кезеніңде кекіліктер көбінесе алға шағып тұрған тасқа немесе аласа жартасқа орнығып алып, « кеке-лік», « кеке-лік» деп сыңғырлай қайталап концерт береді.

Еуропаның оңтүстік шығыссында , Алдыңғы, Орта және Кіші Азида өмір сүреді. Қазақстанда Маңғыстау және оңтүстік пен оңтүстік- шығыстың барлық тауларында ұялайды. Теңіз деңгейінен 2500 метрге дейін жоғары тау етегінен құрғақ, тік беткейді ұнатады, оның үстіне әрі құрғақ, әрі ыстық жазда одан жоғарырақтан да кездесуі мүмкін.

Өмір сүру дағдысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өсімдіктекті азықпен ( түбіршікпен, өркенмен, тұқымдармен, жидектермен ) қоректенеді, жазда бунақденелілерді сүйсініп жейді. Төсеніш төселген шұңқырда, жерде ұя салады. Салындыда 6-дан 24-ке дейін жұмыртқалар болады. Кекіліктің екі ұяда қатар ұялайтыны мәлім. Аналық екі ұяға жұмыртқа туып, бір салындыда – өзі , екіншісінде аталығы жұмыртқа басады. Соның салдарынан өрген балапандар қосылады да, жаздың соңында елу балапан ертіп жүрген топтарды жиі кездестіруге болады. Сірә, бұл қалың қарлы қыстан соң санын тез толықтыруға мүмкіндік беретін болар. Өйткені кекіліктер қарды тебіндеп қорек табуға мүмкіндігі болғандықтан, ашығып, көпшілігі өліп қалады. Кекіліктер аңшылардың ең сүйікті олжасы болып саналады.

Аспаздық анықтама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қуырылған кекілік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жүнін жулып, ішін тазартқан кекілік етін тұздайды және дәмін жақсарту үшін әр жеріне тұздалмаған мал майын тығыл, жіппен байлап қояды. Шұңғыл шойын табаға тоң майды (1—2 ас қасық) ерітіп алғаннан кейін, етті сонда қызыл күрең тартқанша қуырады. Осыдан кейін ұшаны ыстық духовкаға қояды да, оқтын-оқтын өзінен шыққан сөлін құймалап пісіреді. Ет әдетте 35—45 минутта әзір болады. Әзір болған ұшаны бірнеше бөлікке бөліп, ыдыстарға салады да, қуырғаңда шыққан майы мен сөлін үстіне құймалап, ақжелкен қосып дәмдендіреді. Санат, жібітілген бүлдірген, маринадталған жеміс-жидектерді дастарқанға бөлек ыдысқа салып қояды.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мектеп энциклопедиясы "Құстар", Алматыкітап 2010, Автор: А.Ф. Ковшарь, В.А. Ковшарь

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]


  1. BirdLife International (2008). Alectoris chukar. In: IUCN 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 24 ақпан 2009.
  2. Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
  3. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9