Мазмұнға өту

Аконкагуа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аконкагуа тауы

Аконкагуа тауы
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Анд таулары

Биіктігі

6960 м

Орналасуы

32°39′ о. е. 70°00′ б. б. / 32.650° о. е. 70.000° б. б. / -32.650; -70.000 (G) (O) (Я)Координаттар: 32°39′ о. е. 70°00′ б. б. / 32.650° о. е. 70.000° б. б. / -32.650; -70.000 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Аргентина

Аконкагуа тауы (Жер)
Аконкагуа тауы

Аконкагуа тауы (ис. Aconcagua) — Оңтүстік Америкадағы Анд тауларының орталығындағы шың, әлемдегі ең биік батолит.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аргентина жерінде. Чили шекарасына таяу. Солтүстігінде және шығыс жағынан Валье-де-лас-Вакас, ал оңтүстігі мен батысында Валье-де-лос-Орконес-Инфериор тау жоталарымен шектелген. Биіктігі - 6960 м (Оңтүстік Америкадағы, Батыс және Оңтүстік жарты шардағы ең биік шың).

Геологиялық құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шөгінді жыныстарды жауып жатқан андезиттен құралған. Сондықтан алғашқы кезде жанартау деп қате аталып жүрді.

Жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аконкагуа тауының беткейлері тік, құзды келеді. Басын көп жылдық қар алып жатыр. Төменгі жағында ұзындығы 6 км 7 мұздық бар, ең үлекені - солтүстік-шығыс (поляк мұздығы) және шығыс мұздығы. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998