Ұлттық ақпараттық технологиялар
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ | |
Түрі |
Акционерлік қоғам |
---|---|
Құрылды | |
Орналасуы |
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана, Есі�� ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/14 |
Басты адамдары |
Баян Қоңырбаев (Басқарма төрағасы) |
Басшы компания |
100% акциясы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне тиесілі |
Сайты |
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» Акционерлік Қоғамы — Қазақстан Республикасы «электрондық үкіметінің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы. Электрондық үкіметтің базалық құрамдастарын және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру, енгізу және пайдалану жөніндегі жұмыстарға бастамашылық етуден аяқтауға дейін АТ-жобаларды басқару жөніндегі қызметтер көрсетеді.
«Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысымен сәйкес құрылды. Қоғамға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 44 қаулысымен ақпараттандыру саласындағы Ұлттық оператор мәртебесі берілді. «KZ жоғарғы деңгейлі домен тіркеушісі ретінде «ҰАТ» АҚ аккредиттеу туралы» Қазақстан АТ-компаниялар қауымдастығының 2012 жылғы 6 қаңтардағы №01-01-12-А бұйрығына сәйкес «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ .KZ және .ҚАЗ жоғары деңгейлі домен тіркеушісі ретінде аккредиттеленеді. Сонымен қатар «ҰАТ» АҚ-на GOV.KZ және EDU.KZ аумағындағы домендік атауларды ресми тіркеу және қолдау көрсетуді жүзеге асыру құқығы берілді. 2024 жылы компания ұлттық жасанды интеллект платформасының операторы болып айқындалды.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы 2000 жылғы 3 шілдеде құрылды.
«ҰАТ» АҚ құрылған кезеңінен бастап электрондық үкіметтің базалық компоненттерін және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру, енгізу және пайдалану жөніндегі жұмыстарды бастамашылық етуден аяқтағанға дейін АТ-жобаларды басқару жөніндегі қызметтерді көрсетеді.
2008 жылдан бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ационерлік қоғамы «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингінің еншілес компаниясы болды.
2016 жылы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамына "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қосылып, компания қайта ұйымдастырылды.
2022 жылы «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингінің таратылуына байланысты компания тікелей ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қарамағына өтті.
Компанияның басшылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Баян Қайратұлы Қоңырбаев - Басқарма төрағасы
- Саян Мейрамұлы Әшірбеков - Басқарма төрағасының орынбасары
- Шыңғыс Айдарбекұлы Оразалимов - Басқарма төрағасының орынбасары[1]
Директорлар кеңесінің құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Асхат Елубайұлы Оразбек - Директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР ЦДИАӨ вице-министрі
- Қайрат Жақсығұлұлы Мырзахметов - ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өкілі
- Арман Жақыпбекұлы Нұрышев
- Ұлан Қайратұлы Қайырбеков
- Гүлжан Жаңалықызы Бектұрғанова[2]
«Электрондық үкімет»
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдары «электрондық үкіметті» құрудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығы «электрондық үкіметтің» порталын құруға негіз болды.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «электрондық үкіметтің» порталын басқару мен сүйемелдеуге тікелей қатысады. «Электрондық үкіметтің» порталы 2006 жылдан бастап жұмыс істейді.[3]
Жобалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Электрондық үкімет» порталы
- «Электрондық үкімет» шлюзі
- Мобильдік үкімет
- Smart Data Ukimet
- Smart Bridge
- «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі
- Е-Заң көмегі
- Е-лицензиялау
- Ашық үкімет
- ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы
- ҚР мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы
- ҚР негізгі куәландырушы орталығы
- ҚР сенім білдірілген үшінші тарапы
- Мемлекеттік органдардың интранет-порталы
- «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры
- «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры
- «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры
- Азаматтық ��ал актілерінің жазбасы
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі
- «Электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі
- «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі»
- «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі
- Мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы
- Дата-орталық
- ҚР мемлекеттік органдарының электрондық пошталық сервисі
- ХҚКО ықпалдастырылған ақпарттық жүйесі