Шәуілдір
Ауыл | |
Шәуілдір | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Аудан орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | |
Бұрынғы атаулары |
Қаракөншек |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
10 439[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
13 |
Шәуілдір шекарасы
|
Шәуілдір — Түркістан облысы Отырар ауданындағы ауыл, аудан (1934 жылдан) және Шәуілдір ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Облыс орталығы – Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 72 км жерде, Арыс өзені мен Д. Алтынбеков атындағы канал бойында орналасқан.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
8561 | ▼8428 | ▲10195 | 121 | 4205 | ▲5097 | 121,2 | 4223 | ▲5098 | 120,7 |
Инфрақұрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кентте Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция базасы негізінде 1980 жылы «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы құрылды. Әбу Наср әл-Фараби атындағы Отырар-Арыстанбаб мұражай кітапханасы ұйымдастырылған. Мәдениет сарайы, 9 кітапхана, 2 мешіт, «Ақ барыс» спорт залы, «Қарлығаш» кинотеатры, «Жұлдыз», «Жібек жолы» мейрамханалары, «Барыс» мақта қабылдау пункті, Шәуілдір СЭС-ы, 6 орта, музыка, спорт мектептері, «Балдырған» бала бақшасы, «Бала өмір» емханасы, ауданы аурухана бар.
Шаруашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шәуілдірде 27 ӨК, 75 шаруа қожалықтары, 8 тұрмыстық қызмет көрсету, 3 сауда орны, нан, өсімдік майын шығару цехы, т.б. мекемелер жұмыс істейді.
Ауылдың атақты адамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кенттен академик, Халық Қаһарманы Мұхтар Әлиев, академик Рахманқұл Бердібаев, Орта Азиядағы тұңғыш чекист, үш мәрте Қызыл Ту орденінің тұңғыш иегерінің бірі – Абдолла Жармұханбетов, Түркістан АКСР-і Халық Комиссарлар Кеңесінің Председателі Абылай Серғазиев, ақын жазушылар Саттар Асқарұлы Ерубаев, Көпен Әмірбеков, Әселхан Қалыбекова, Бекарыс Шойбеков, т.б. көптеген танымал, атақты адамдар шыққан. Шәуілдірден 8 км жерде ескі Отырар қаласы және Арыстан баб мешіті орналасқан.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|