Мазмұнға өту

1968 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
21:18, 2023 ж. сәуірдің 10 кезіндегі Kasymov (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Zeresacc (т) өңдемелерінен Мықтыбек Оразтайұлы соңғы нұсқасына қайтарды)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)
1968 жылғы Қысқы Олимпиада
Ұйымдастырушы қала

Франция Гренобль

Қатысушы елдер

37

Атлеттер саны

1158

Ашылу салтанаты

4 ақпан

Жабылу салтанаты

18 ақпан

X қысқы олимпиялық ойындар 1968 ж. 6-18 ақпаның аралығында Францияның Гренобль қаласында өтті, Бұл ойындарға 37 мемлекеттен 1158 (202-сі әйелдер) қатысты. Ресми емес жалпыкомандалық бірінші орынды 16 жылғы үзілістен кейін Норвегияның командасы жеңіп алды. Екінші орынға КСРО-ның, үшінші орынға Австрияның құрама командасы шықты. Ойындардың үздік спортшысы деп VІІ қысқы Олимпиялық ойындардан Австралиялық А.Зайлердің табысын қайталаған француз Ж.Килли атанды. Ол шаңғымен шапшаң түсуден, слаломнан және слаломгиганттан жеңіске жетті. Осы ойындарда КСРО құрама командасының сапында өнер көрсеткен қазақстандық конькиші А.Керченко 1500 м қашықтыққа сырғанауда 2.07.11 сек. уақыт көрсетіп 11-ші орынға ие болды.[1]

Ел Алтын Күміс Қола Бары
1 Норвегия 6 6 2 14
2 КСРО 5 5 3 13
3 Франция 4 3 2 9
4 Италия 4 0 0 4
5 Аустрия 3 4 4 11
6 Нидерланд 3 3 3 9
7 Швеция 3 2 3 8
8 ГФР 2 2 3 7
9 АҚШ 1 5 1 7
10 Финляндия 1 2 2 5
11 ГДР 1 2 2 5
12 Чехословакия 1 2 1 4
13 Канада 1 1 1 3
14 Швейцария 0 2 4 6
15 Румыния 0 0 1 1
БАРЫ 36 40 32 108

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3