Мазмұнға өту

Ахмед Лютфиэль-Сайед

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
15:15, 2013 ж. шілденің 26 кезіндегі Qarakesek (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (clean up туылған -> туған, replaced: Египет → Мысыр (6) using AWB)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

Ахмед Лютфиэль-Сайед (18721963) — египеттік зияткер, отарлауға қарсы қозғалыстың қайраткері және Каир университетінің алғашқы ректоры. Ол ел арасында «ұрпақтың ұстазы» деген атпен танымал.[1]

Лютфи 1872 жылы 15 қаңтарда Дакахлия мухафазындағы Эс-Симбеллавейн қалашығына жақын жердегі Беркин (Berqin) ауылында, феллахтар (египеттік шаруалар) отбасында дүниеге келген. Ол Аль-Азхар университетінде білім алып, атақты Мысыр ойшылы және қоғам қайраткері Мухаммеда Абдоның дәрістеріне қатысқан. Абдо Лютфидің тұлға ретінде қалыптасуына елеулі әсер етті. Сонымен қатар ол Құқық мектебіне түсіп, 1894 жылы тәмамдайды. 1907 жылы Ахмед Лютфиэль-Сайед алғашқы болып эль-Умма («Ұлт»)Мысыр саяси партияның негізін қалады. Жас қоғам қайраткері мен оны қоршағандардың елдегі болып жатқан саяси оқиғаларға (1906 жылғы Деншавай ісі – Британ әскерлері мен мысыр шаруаларының қақтығысы) жауабы болып, мысырлықтардың ұлттық сезімдерін көтеруші күш болды. Сонымен қатар Лютфи «Эль-Гарида» партиялық газетті басып шығара бастады.

1919 жылы Версалда болған Париждік бейбітшілік конференциясына барған Мысыр елшілігінің құрамында болады. Конференцияда ол Мысырды Ұлыбританиядан азат ету қажет екендігін ашық түрде жария етеді.

Ахмед Лютфиэль-Сайед Каир университетінің (сол уақытта Мысыр) алғашқы ректоры болған. 1925 жылы 11 мамырда инаугуирация рәсімі өтті. Ол Таха Хуссейннің досы әрі әріптесі болған. 1932 жылы Мысыр үкіметі Хуссейнді университеттегі қызметінен босату жөніндегі шешіміне қарсылық білдіру мақсатымен өз қызметінен бастартады.

Сонымен қатар ол әр уақытта әртүрлі мемлекеттік – білім министрі, ішкі істер министрі, Каирдегі араб тілі Академиясының директоры және кітаптар Үйінің директорының қызметін атқарады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%85%D0%BC%D0%B5%D0%B4_%D0%9B%D1%8E%D1%82%D1%84%D0%B8_%D0%AD%D0%BB%D1%8C-%D0%A1%D0%B0%D0%B9%D0%B5%D0%B4