Мазмұнға өту

Скелетон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
15:07, 2012 ж. тамыздың 11 кезіндегі Maira Yessenbekova (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Жаңа бетте: thumb|228px|Скелетон. Алтын монета| '''Скелетон''' (ағыл. Skeleton, дәлме-дәлі - қаңқа, сүлд...)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

Скелетон (ағыл. Skeleton, дәлме-дәлі - қаңқа, сүлде), арнайы шанамен таудан шапшаң түсу түрінің бірі. Скелетонның құрылымы өте қарапайым: қорғасынды салмақтармен ауырлатылған болаттан жасалған екі табан мен жақтаудан тұрады. Қолмен басқаратын тетік болмайды. Скелетон екі рет (1928, 1948 ж.) Олимпиялық ойындардың бағдарламасына кірді.

Сурет:Brady Canfield skeleton start.jpg

ФИБТ, бобслей мен тобоганның халықаралық бірлестігі 1923 ж. Парижде құрылды. Бірлестіктің міндеті спорттың түрі есебінде (бобслейдің, тобоганның және Канада шаналарының) таудан түсу мен сырғанауды насихаттау бірыңғай ержені бекіту, спорттың осы түрлері әлі де тарала қоймаған елдерде жаңа ұлттық бірлестіктердің құрылуын қолдау, дүниежүзі мен Еуропаның чемпионатын ұйымдастырып өткізу жатады.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3