Мазмұнға өту

Кіші Борсық

Координаттар: 47°25′10″N 60°48′09″E / 47.41944°N 60.80250°E / 47.41944; 60.80250
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Кіші Борсық құмы
Сипаттамасы
Теңiз деңгейiнен биіктігі150,170 м
Ұзындығы80 км
Ені10,25 км
Климаты
Қаңтардағы орт. температура–15°С °C
Шілдедегі орт. температура26°С °C
Жылдық жауын-шашын деңгейі150 мм
Орналасуы
47°25′10″N 60°48′09″E / 47.41944°N 60.80250°E / 47.41944; 60.80250 (T)
Ел Қазақстан
ОрналасуыАқтөбе облысы Шалқар және Қызылорда облысы Арал аудандары жерінде.
Кіші Борсық (Ақтөбе облысы)
Кіші Борсық құмы

Кіші БорсықСолтүстік Арал маңындағы құмды алқап.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ақтөбе облысы Шалқар және Қызылорда облысының Арал аудандары жерінде.

Жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кіші Арал теңізінің солтүстігінде 80 км-ге созылған. Ені 10-25 км. Орташа биіктігі 150-170 м, абсолюттік биіктігі 213 м (орта тұсында). Тұран тақтасының синклинальдық иінінде. Әр түрлі бұта және шала бұта басқан құм төбешіктерден, шағыл құмдардан тұрады. Құм шөл белдемінде жатыр.

Геологиялық құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Құмды алқап бор және палеоген тау жыныстарының жел (эол) әрекетінен үгілу нәтижесінде пайда болған.

Климаты тым континенттік, қысы суық (қаңтардың орташа температурасы –12–15°С), жазы ыстық, құрғақ (шілденің орташа температурасы 25–26°С). Жылдық жауын-шашын мөлшері 150 мм, көктемнің соңы мен жаздың басында жауын көп жауады. Грунт суы 2-40 м тереңдікте кездеседі, көбінесе тұщы.

Құмайт қоңыр топырағында еркек шөп, жусан, бетеге, жүзгін, т.б. өседі. Құмда қыстаулар, тұщы құдықтар көптеп кездеседі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Энциклопедиясы