1956 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары
VІІ қысқы олимпиялық ойындар 1956 жылы 26 қаңтар мен 5 ақпанның аралығында Италиядағы Кортина д Ампеццо деген жерде етті. Бұл ойындарға 22 мемлекеттен 924 (146-сы әйелдер) спортшы қатысты. Осы жолы қысқы Олимпиялық ойындар КСРО-ның құрама командасы алғаш рет сынға түсті. Олар 7 алтын, 3 күміс, 6 қола медальмен 103 ұпай жинады да, коман далық есепте бірінші орынға шықты. Австриялықтар 66 ұпаймен екінші, финдер 57 ұпай мен үшінші орын��а ие болды. КСРО командасының қысқы Олимпиялық ойындарға қатысуы қысқы спорт түрлерінен күштің арасалмағын көрсетті. Осы ойындарда КСРО құрамасының сапында қазақстанның өкілі Александра Артеменко тау шаңғысынан өнер көрсетті. Ол шаңғымен шапшаң түсуде 1.51.1 мин.уақыт көрсетіп 14-інші орынға ие болды. Ойындардың ең үздік спортшысы атағын тау шаңғысының барлық түрлері бойынша 3 алтын медальды жеңіп алған австриялық А.Зайлер иеленді.[1]
1956 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары | |
Ұйымдастырушы қала | |
---|---|
Қатысушы елдер |
22 |
Атлеттер саны |
924 |
Ашылу салтанаты | |
Жабылу салтанаты | |
Медальдар
өңдеу№ | Елдер | Алтын | Күміс | Қола | Бары |
1 | КСРО | 7 | 3 | 6 | 16 |
2 | Аустрия | 4 | 3 | 4 | 11 |
3 | Финляндия | 3 | 3 | 1 | 7 |
4 | Швейцария | 3 | 2 | 1 | 6 |
5 | Швеция | 2 | 4 | 4 | 10 |
6 | АҚШ | 2 | 3 | 2 | 7 |
7 | Норвегия | 2 | 1 | 1 | 4 |
8 | Италия | 1 | 2 | 0 | 3 |
9 | Біріккен Германия | 1 | 0 | 1 | 2 |
10 | Канада | 0 | 1 | 2 | 3 |
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |