Өнім
Өнім — белгілі бір уақыт аралығында дүние жүзінде, елде, кәсіпорында, тағы басқа өндірілген өнімдердің бүкіл көлемі; ғылыми-техникалық талдамаларды, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді, халық тұтынатын тауарларды, құрылыс нысандарын, жұмыстарды, қызметтерді қоса қоғамдық және жеке бастың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған еңбек қызметінің нәтижесі; кәсіпорында дайындалған өнім. Еңбек нәтижелері заттандырылған (шикізат, материалдар, тамақ, химия өнімдері, техикалық қондырғылар мен олардың бөлшектері) және заттандырылмаған (энергия, ақпарат, көрсетілетін қызметтің кейбір түрлері) болуы мүмкін. Өнім даралай, салмақ, ұзындық, бет, көлем өлшемдері және бұйымдардың немесе материалдың, металл балқымасының топтамасы, сұйық немесе сусымалы заттың белгілі бір сыйымдылығы (контейнер, цистерна, бөшке, қап) есебімен есептеледі. Өнім тұтыну құнымен – белгілі бір тиімділікті қанағаттандыра алуымен және құнмен – оны дайындауға жұмсалған қоғамдық еңбекпен сипатталады. Осыған байланысты оны есепке алу мен жоспарлау заттай тұлғада ғана емес, ақшалай тұлғада да жүргізіледі. Өнімге заттай (машина, жабдық, аяқ киім, т.б.) және өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстарға (жөндеу жұмыстары, сақтау, буып-түю, тасымалдау, т.б.), негізгі және жанама өнім түрлеріне бөлінеді. Аяқталған жұмыстар кешені, құрылыс нысаны да Өнім деп ұғынылады. Негізгі түріне өндірістің жалпы көлеміндегі үлес салмағы көп және кәсіпорын дайындауға бағдарланған Өнім жатады. Жанама түріне негізгі Өніммен қатар бірыңғай технологиялық үдеріс барысында жасалатын Өнім(мысалы, мақта тазарту, май шайқау зауыттарындағы қалдықтар, астық өндірісіндегі сабан, т.б.) жатады. Өнім шаруашылық салаларына қарай: өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс, сауда, қоғамдық тамақтандыру, мал ш., өсімдік ш. Ө-деріне ажыратылады. 2) Адам еңбегінің заттанған немесе бейматериалдық нәтижесі (зат, ғылыми ашылым, идея), яғни адам еңбегінің, шаруашылық қызметтің заттай нысанда немесе нәтижесі материалдық-заттай нысанда (материалдық өнім), рухани нысанда не бейматериалдық-зияткерлік, рухани, ақпараттық нысанда (зияткерлік өнім, ғылыми ашылым, идея) не орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер түрінде бейнеленген нәтижесі.[1]
Өнімнің өзіндік құны
өңдеуӨнімнің өзіндік құны — тұтынылған өндіріс құрал-жабдықтары мен пайдаланылған материалдарға және еңбек ақыға жұмсалған ақша түрінде көрсетілген шығындар.[2]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия // Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
- ↑ Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |