Әбу Осман Әмір Әл-Жаһиз
Әбу Осман Әмір Әл-Жаһиз, Әбу Осман Әмір ибн Бахр әл-Жаһиз (шамамен 767, Басра — 868 — 69, сонда) — әдебиетші, тарихшы.
Аббас әулеті тұсында сарай қызметкері болған. Ол әдебиет пен тілге қатысты (“Орналасу және дәлелдеу кітабы” т.б.), мұсылман елдері жөнінде саяси-тарихи 100-ден астам (“Арабтар мен парсылар туралы кітап” т.б.) еңбек жазған. Солардың ішінде “Манақиб әл-атрак” (“Түркілердің лайықты қасиеттері”) аталатын еңбегі Қазақстан тарихы үшін маңызды дерек болып табылады. Шығармада қазақ жерін мекендеген түркі тайпалары туралы этнолог. мәліметтер беріліп, Аббас әулеті халифтарының әскер құрамындағы түркілердің жауынгерлік ерліктері баяндалады.[1]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |