Қоңырбас (лат. Poa) – астық тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік.

Қоңырбас
жылдық қоңырбас
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Дара жарнақтылар
(unranked) Commelinids
Сабы: Poales
Тұқымдасы: Poaceae
Кіші тұқымдасы: Pooideae
Тайпасы: Poeae
Тегі: Poa
Карл Линней
түрлері

500 түрі белгілі


Қазақстанның барлық өңірінде таралған. Қара, құм топырақты, саз балшықты жерлерде, дала мен шөлді аймақта өсетін 38 түрі бар. Соның ішінде ең жиі кездесетіні – жуашықты қоңырбас (roa bulbosa). Биіктігі 8 – 30 (кейде 80) сантиметр. Сабағы тік, жылтыр, жапырағы жіңішке таспа пішіндес. Гүлі, әдетте, жапырағы бар баданаға айналған. Гүлшоғыры – масақ. Сәуірмамыр айларында гүлдейді. Жуашықты қоңырбас – мал азығы ретінде де бағаланады. Ал жылдық қоңырбас (Poa annua) – егістіктің арам шөбі болып саналады.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ энциклопедиясы