Қарлұқтар
Қарлұқтар – көне түркі тайпасы. Ол үш рудан бұлақ, чигиль (басқаша атауы – себек) және ташлық] құралған. Қарлұқтар телелердің бір тайпасы делінеді.
7 ғасырдың орта шенінде Қарлұқтар Емел алқабына және Сайрам-нор көліне қарай ойысты. Осы арада Қарлұқтардың б��лақ, чигиль, ташлық руларынан құралған тайпалық бірлестігі қалыптасты. 8 ғасырда Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін, Қарлұқтар күшейе бастады. Көшпелі жағдайда мал өсіріп, аң аулады, бірте-бірте отырықшы егіншілікке көшті. Қарлұқтар Орта Азиядан Қытайға дейінгі керуен жолын, Талас өзенінен Тарым өзеніне дейінгі жерлерді, Ыстықкөлдің оңтүстігін мекендеді. 757 – 766 жылдары Түргештер мемлекетінің жерін түгел дерлік өзіне бағындырды. Қарлұқтар шонжарлары Жетісуда билік құрды. Осы кезде Қарлұқтар билеушілері өздерін жабғу деп атады. Бұл 800-ші және одан кейінгі жылдардағы (10 ғасырдағы «Худуд әд-Алам») еңбектерде айтылады. Онда Қарлұқтардың жабғуларымен қатар түрік билеушілері – қағандардың болғаны сөз болады. Жабғу Қарлұқтар астанасын Шу өз-нің бойындағы Суяб қаласысына көшірген. Бертін келе олардың астанасы Іле өз-нің бойындағы Қойлық қаласысына ауыстырылды. 861 жылы Қашқарияны басып алды. 10 ғасырда Қарахан әулеті билеген мемлекеттің құрамына кірді. Қарлұқтар 960 жылы мұсылман дінін қабылдады.
Қарлұқ тайпалары конфедерациясының құрамы
өңдеуҚарлұқ тайпалары конфедерациясының құрамы — қарлұқтайпаларының топтасып, саяси бірлестігінің қалыптасуыЖетісуда болғанын айқын дәлелдейді. Қарлұқтардың алғашқы үш рулы ұйытқысына, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның этникалық субстраты кірген болуы керек.
Қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай көшпелі әр түрлі тайпалар: жікілдер,бұлақтар, халаждар, түргештер, азкишилер, тухсилер, шарұқтар, аргулар, барсхандаркірген. Бұлардан басқа оның құрамында оғыздардың негізгі көпшілігі Сырдарияның орта және төменгі ағысына көшкеннен кейін Жетісу аумағында қалған кейбір топтары, сондай-ақтүрік болып кеткен Жетісу соғдылары болды.Махмұд Қашғари көптеген соғдылар түріктердің әдет-ғұрыптарын қабылдаған деп хабарлай- ды. Кейінірек қарлұқтардың Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың, отырықшы халықтарымен сіңісіп, ислам дінін қабылдаған бір бөлегі, сондай- ақ оғыздардың соларға сәйкес топтары да түрікмендер деп аталып кетті. Қарлұқ конфедерациясының қалыптасуы Жетісу мен Қашғариядан бастап Сырдарияның орта ағысы мен Ферғанаға дейінгі ұлан-ғайыр өңірде жүзеге асты. Бұл байтақ аймақтың көптеген тайпалары қарлұқтардың жабғу деген атағы бар көсемінің, сонан соң қағанның қарауында болды.
Қарлұқтар түрік тілінің әр түрлі диалектілерінде сөйлеген. Араб-парсы жазбаша деректемелерінің мәліметтеріне қарағанда, олардың бір тобы «ж» дыбысты, екінші бір тобы «й» дыбысты диалектіде сөйлейтін болған. Қарлұқтар монғолоидтік белгілердің болмашы қоспасы бар еуропеоидтік антропологиялық тұрпатқа жатқан. Әл-Масуди түріктердің ішінен қарлұқтарды бөліп көрсетіп, олар «неғұрлым әдемі, бойшаң, өнді келеді» дейді. Қарлұқ тайпаларының бірі — жікілдер туралы олардың ішінде болған араб саяхатшысы Әбу Дулаф (X ғ.) былай деп жазады: «Олар (жікілдер) әдемі келеді. Айналасындағы тайпалардың бәрі оларды ұрлап әкетіп тұрады». Қарлұқтардың қоныстануы. Қарлұқ тайпалары VIII — X ғасырларда Жоңғар Алатауынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі кең-байтақ аумақта қоныстаңды. Қарлұқ топтарының бірі IX ғасырдың бас кезінде Отырар (Фараб) төңірегіне келіп қоныстанды. Ибн ХордадбехФараб қаласында қарлұқ- түріктердің отрядтары бар деп атап өтеді. Басқа авторлар да Фараб аймағындағыСүткент қаласында қарлұқтардың болғандығын айтады. Қарлұқтар Фараб, Кенжиде және Шашарасындағы жайылымдарда көшіп жүрген. «Олардың бәрі мұсылмандар, бірақ ешкімге бағынбайды», — деп атап көрсетеді әл-Истахри (X ғ.).
Қарлұқтардың кейбір топтары Шаш және Испиджаб аймақтарын мекендеді. Ибн Хаукальдің айтуына қарағанда, Шаш аймағына исламды қабылдаған оғыз және қарлұқ тайпалары топтасқан. Испиджаб өңірі қарлұқтар мен оғыздардың арасындағы шекара болды. Мұнда қарлұқтар Саманилер мемлекетімен шектесіп жатты. «Мауараннахр шекарасының он бойында, — деп хабарлайды әл-Истахри, — соғыс шайқастары болып жатады: Хорезмнен Испиджаб төңірегіне дейін оғыз-түріктермен, Испиджабтан Ферғана- ның ең шалғай жерлеріне дейін қарлұқ-түріктермен шайқастар болып тұрады».
Таластағы қарлұқ тайпалары
өңдеуҚарлұқ тайпалары Талас аңғарында тұрды. Тараздың оңтүстігіне қарай 5 фарсах (30 шақырым) жерде Қасрибас деген жердегі жайылымда қарлұқтар қыстап жүрген. Тау қойнауындағы бұл жылы жерге таяу халаждардың қыстауы болды. Ал Тараз VIII ғасырдың бірінші жартысында-ақ «даңқты да инабатты шарүқ-түріктер» қаласы деп аталған еді.
Тарихи-географиялық деректер қарлұқтар мен оғыздар Тараз-Испиджаб- Фараб аралығын бірлесіп мекендеген деп шамалауға мүмкіндік береді. Таразға жақын жерде, Макдисидің айтуынша, жікілдер мекендеген, мұнда олардың осы аттас қаласы болған. Махмұд Қашғариға жікіл-түріктердің үш тобы мәлім болды. Бұлардың біреуі Таразға жақын жердегі —Жікіл қаласын, ал басқа екеуі — Барсханнан әрі Құясты және Қашғариядағы Жікіл қонысын мекендеген.
Қарлұқтар Тараздың шығыс жағында да мекендеді. Мұңда олардың қарауында Құлан, Мерке қалалары болды. Меркенің шығыс жағында Орду деген «шағындау бір қаланың» болғаны айтылады, онда түрікмен патшасы турады, ол Испиджаб билеушісіне үнемі сый-сияпат жіберіп тұрады» делінген.
Ордудың қарлұқтар орналасқан негізгі аумақта қоныстануы оның билеушісі қарлұқ болған деп топшылауға мүмкіндік береді. «Худуд әл-аламның» мәліметтеріне қарағанда, Суяб ауданында түхси тайпалары мекендеген. Тұхсилердің үлкен бір тобы X ғасырға дейін қарлұқтардан солтүстікке таман қоныстанған. X ғасырдың орта шенінде олар оңтүстікке қарай едәуір жылжып, қарлұқтармен бірге Тянь-Шаньның батыс сілемдерін бойлай орналасады. Испиджаб, Тараз және Баласағұн қалалары өңірінде түргештердің арғу тайпасы тұрды. Шу аңғарында қарлұқ қоныстарының орталығы — Баласағұнқаласы болған.
Әл-Идрисидің картасында қарлұқтардың екі тобының аумақтық орналасуы көрсетілген. Қарлұқ этнонимін әл-Идрисижазудың белгілі екі түрінде — арабша және парсыша: харлух және халлух деп береді. Хақан басқаратын қарлұқтар мекендейтін негізгі аудандар төртінші және бесінші климаттардың тоғызыншы бөлігіне орналастырған. Әл-Идрисидің картасына қарағанда, қарлұқтар елінің оңтүстігінде Бухайрат ат-түрік (Түрік көлі немесе Самджан көлі) деген үлкен қол орналасқан. Әл-Идриси еңбегінің мәтінінде бұл қол туралы ешқандай мәлімет жоқ, ол мүлдем ауызға алынбайды. Түрік көлінің оңтүстік жағында, қарлұқтар мекендеген аймақта Жоғарғы Барсхан қаласы көрсетілген, көптеген деректемелер бойынша қазір ол Ыстықкөлдің оңтүстік жағасына сеніммен орналастырылуда, мұның өзі Түрік көлін Ыстықкөл деп санауға берік негіз береді. Сол арқылы, К. Миллер ұсынғандай, Гаган көлін Ыстьқкөл деп есептеуге болмай- ды, оның үстіне, «Нұзхат әл-мүштақғың» мәтіні және картаның деректері бойынша, қарастырылып отырған кезде Гаган көлінің төңірегінде қимақтар қоныстанған. Ал Ыстықкөл мен оның солтүстік-шығыс жағында жікіл тайпалары мекендеген. «Ыстықкөлдің бүкіл төңірегін жікілдер алып жатыр», — деп көрсетеді Гардизи. Оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қарлұқтар Тибетпен және тоғыз-ғұздармен (ұйғырлармен) шектесіп жатты. Қарлұқтар иеліктерінің Ти-бетке жақындығы «Худуд әл-алам» анонимінің қолжазбасында да атап өтілген. Тегінде,Памирдің оңтүстік-шығыс жағындағы таулы аймақтар мен Шығыс Түркістан аймағы (Жаркент, Хотан) Тибетделініп отырса керек. Қарлұқтар мен ұйғырлар (тоғыз-ғұздар) арасындағы шекараға келетін болсақ, ол Шершен, Тарым және ішінара Ақсу өзендерінің бойымен өткен.[1]
Тағы қараңыз
өңдеуДереккөздер
өңдеу- ↑ «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59 ISBN 978-601-282-026-3
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|