Қара теңіз
Қара теңіз (орыс. Чёрное море, түр. Kara deniz, грек. Роntos Euxenos) — мейірбан теңіз, Атлант мұхиты алабына жататын теңіз. Кіші Азия мен Еуропа аралығында жатыр. Жағалауында Түркия, Болгария, Румыния, Украина, Ресей, Грузия елдері орналасқан. Батысында Босфор бұғазы арқылы Мәрмәр теңізі мен, одан әрі Дарданелл бұғазы арқылы Эгей және Жерорта т-дерімен, солт-нде Керч бұғазы арқылы Азов теңізі мен жалғасады. Ауданы 420,3 мың км². Ұзындығы 1148 км, ені 615 км, ең терең жері 2211 м. Жағасының ұзындығы 4074 км және аз тілімделген. Батысы мен солт. батысында жағасы жайпақ, кей жерінде жыралы. Шығысы мен солт. бөлігіндегі Қырым түбегінің жағасыны таулы болып келеді. Ірі шығанақтары: Каркинит, Каламат, Днепр-Буг, Днестр. Аралдары (ірілері — Березань, Змеиный) аз. Теңізге Дунай, Днепр, Оңт. Буг, Рионн, Чорох, т.б. өзендер құяды. Қ. т. палеогеннің аяғынан неоген мен антропогенге дейінгі аралықта қалыптасты. Қалыптасуының алғашқы сатысында Каспий теңізімен біртұтас су айдыны болып, төмен плиоценнің аяғында Кауказ жотасының көтерілуінен екіге бөлінген. Қара теңіз құрлық ортасында жатқандықтан климаты континенттік. Ауаның қаңтардағы орташа температурасы: солтүстік-батысында -2.6- 3˚С, оңтүстігінде 6-9˚С, батысында -1.4˚С және солтүстігінде -25 -30˚С-қа жетеді. Жауын-шашынның орташа мөлш. 300 — 2500 мм. Тұзд. ашық бөлі-гінде 17,5 — 18,5%о, өзен-дер сағасы маңында 9 — 2%о, дейін азаяды. Суының шалқып-шегінуінен деңгейінің ауытқуы солт.-батысында 2 м-ге жетеді, Қырым жаға-сында 40 — 60 см. Өсімдік пен жануарлар дүниесі жылы әрі құрамында оттек мол судың беткі қабатында шоғырланған. Теңіз түбіндегі өсімдіктердің құрамында балдырлардың 258 түрі, 125 м тереңдіктегі қабатта фитопланктонның 284 түрі бар. Қара теңізде жануарлардың 1500-дей түрі тіршілік етеді, соның ішінде балықтың 180 түрі (қортпа, бекіре, шоқыр, хомса, тюлька, кефаль, камбала, устрица, скумбрия, т.б.), акула бар. Қ. т. жағалауындағы елдерді бір-біріме байланыстарын үлкен су жолының бірі.
Қара теңіз | |
Ғарыштан көрінісі | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 422 000 км² |
Көлемі | 555 000 км³ |
Жағалау сызығының ұзындығы | 3400 км |
Тереңдігі | 2210 м |
Орташа тереңдігі | 1240 м |
Суды жинау ауданы | 2 млн аса км² |
Орналасуы | |
43°17′49″ с. е. 34°01′46″ ш. б. / 43.2969° с. е. 34.0294° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°17′49″ с. е. 34°01′46″ ш. б. / 43.2969° с. е. 34.0294° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Қара теңіз Ортаққорда |
Ірі порттары
өңдеуТрабзон, Сино, Самсун (Түркия), Бургас, Варна (Болгария), Констанца (Румыния), Одесса, Ильичевск, Николаев, Севастополь, Керчь (Украина), Новороссийск, Туапсе (Ресей), Поти, Батиму (Грузия). Теңіз жағалауы рекреациялық мақсатқа пайдаланылады.
Iрі курорттары
өңдеуВарна, Одесса, Еупатория, Ялта, Сочи, Гагра, Сухуми, Батуми, т.б.