Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті — Қазақстанның Олимпиада ойындарындағы құрама командасын реттейтін ұйым. 1990 жылы құрылды. 1993 жылы Халықаралық Олимпиада комитетіне мүше болды.[1]

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті
Мүшелік:

ХОК

Штаб-пәтері:

Астана, Қазақстан

Ұйым түрі:

Ұлттық Олимпиадалық комитет

Басшылары
Президент

Геннадий Головкин

Бас хатшы

Кюков Андрей Александрович

Құрылуы
Құрылды

3 ақпан 1990

Тіркелді

1993

olympic.kz
Ортаққор логотипі Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті Ортаққорда

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті (ҚР ҰОК) 1990 жылдың 3 ақпанында құрылып, 1992 жылдың наурыз айында Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан ресми түрде танылды.

ҚР ҰОК дербес, тәуелсіз қоғамдық ұйым болып табылады. Өз қызметін жүзеге асыру барысында ҚР ҰОК Олимпиадалық Хартия, Қазақстан Республикасы Заңдары мен ҚР ҰОК Жарғысын негізге алады. Қазақстан Республикасы аумағында Олимпиадалық қозғалысты дамыту және оны қорғау, Олимпиадалық құндылықтарды насихаттау - ҚР ҰОК миссиясы болып табылады.[2]

ҚР ҰОК 25 жылдығына арналған пошта маркасы

Құрылымы

өңдеу

ҚР ҰОК басқарушы органдары:

  • ҚР ҰОК сессиясы
  • ҚР ҰОК атқару комитеті
  • ҚР ҰОК президенті.

ҚР ҰОК жоғары басқару органы жылына бір рет өткізілетін сессия болып табылады. Сессиялар арасындағы кезеңде ҚР ҰОК қызметін ҚР ҰОК атқарушы комитеті басқарады. Атқару комитетінің құрамына:

  • ҚР ҰОК президенті
  • Бас хатшы
  • Бірінші вице-президент
  • Вице-президенттер
  • ХОК мүшелері-Қазақстан Республикасының азаматтары, атқару комитетінің мүшелері.

Президенттері

өңдеу
Есімі Жұмысты бастады Аяқтады
1 Тимур Досымбетов 1990 1993
2 Аманша Ақбаев 1993 2002
3 Тимур Досымбетов 2002 2006
4 Темірхан Досмұхамбетов 2006 2015
5 Тимур Құлыбаев 2015 2024
6 Геннадий Головкин 2024 қазірге дейін

Дереккөздер

өңдеу