Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі — қорғаныс саласында басшылықты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация және аумақтық қорғаныс салаларындағы уәкілетті орган.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (ҚР ҚМ) | |
---|---|
Жалпы мағлұмат | |
Мемлекет | Қазақстан |
Құрылған уақыты | 7 мамыр 1992 |
Оның алдындағы мекеме | ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитеті |
Мекемені басқарады | Қазақстан Республикасының Үкіметі |
Штаб-пәтері | 010000, Астана, Достық көшесі, 14 үй |
Министр | Генерал-полковник Руслан Жақсылықов |
Бірінші вице-министр — Қарулы Күштер Бас штабының бастығы | Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов |
Бір мекемеге қарасты орган | Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері |
Ресми сайты | |
gov.kz/memleket/entities/mod |
Тарихы
өңдеуҚР Президентінің 1992 ж. 7 мамырдағы Жарлығымен[1] ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің қайта құрылуының нәтижесінде құрылды.
Міндеттері
өңдеу1) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетте бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізу;
2) Қарулы Күштерді әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыру;
3) агрессияға тойтарыс беру, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қарулы қорғау, мемлекеттік және әскери объектілерді күзету және қорғау, әуе кеңістігін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін және жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз ету.[2]
Басшылық
өңдеу- Руслан Жақсылықов — генерал-полковник, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі (2022 жылдан бастап)
- Сұлтан Қамалетдинов — генерал-лейтенант, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы (2024 жылдан бастап)
- Шайх-Хасан Жазықбаев — генерал-майор, Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары (2024 жылдан бастап)
- Қаныш Әбубәкіров — генерал-майор, Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары (2024 жылдан бастап)
- Бақытбек Сыдықов — генерал-майор, Қорғаныс министрінің қару-жарақ және әскери техника жөніндегі орынбасары (2023 жылдан бастап)
- Дархан Ахмедиев — Қорғаныс министрінің орынбасары (2022 жылдан бастап)
- Әскер Бейсенов — полковник, Қорғаныс министрінің орынбасары (2023 жылдан бастап)
- Дәурен Қосанов — авиация генерал-лейтенанты, Қорғаныс министрінің орынбасары — Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы (2024 жылдан бастап)[3]
Министрлік ведомстволары
өңдеуМинистрліктің бейбіт уақыттағы ведомствосы – Қарулы Күштердің Бас штабы.
Министрліктің аумақтық бөлімшелері
өңдеу- Астана, Алматы, Шымкент қалалық және облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттер
- Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармалар
- Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер
Қарулы күштер
өңдеу- Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы
- Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы
- Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқармасы
- Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының басқармасы
- Қазақстан Республикасы Қарулы күштері тылы бастығының басқармасы
- Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы
- Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы
Өңірлік қолбасшылық
өңдеу- "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы
- "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы
- "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы
- "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы
Қарамағындағы ұйымдар және мемлекеттік мекемелер
өңдеу- "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" АҚ
- "Қазақстан ГАЖ орталығы" АҚ
- "Әскери құрылыс" АҚ
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті ‒ Орталық спорт клубы
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағаты
- Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі
- Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы
- Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Санитариялық-эпидемиологиялық орталығы
- Талдау және болжау орталығы
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери медицина орталығы
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-ғарыштық бағдарламалар орталығы
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери өкілдіктер орталығы
- Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығы
- Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Парашюттік даярлық орталығы
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы
- Орталық әскери-дәрігерлік комиссия
Әскери оқу орындары
өңдеу- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті
- Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты
- Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты
- Екі мәрте Кеңес О��ағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институты
- Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледж
- Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж
- Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж
- Әскери-техникалық мектеп
- Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық "Жас ұлан" мектебі
- Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық "Жас ұлан" мектебі[4]
Әскери медициналық мекемелер
өңдеу- Бас әскери емхана
- Орталық әскери емхана
- Әскери клиникалық госпиталь
- Әскери-теңіз госпиталі, Ақтау қаласы
- Әскери госпиталь, Ақтөбе қаласы
- Әскери госпиталь, Аягөз қаласы
- Әскери госпиталь, Семей қаласы
- Әскери госпиталь, Талдықорған қаласы
- Әскери госпиталь, Тараз қаласы
- Әскери лазарет, Қарағанды қаласы
- Әскери лазарет, Өскемен қаласы
- Әскери лазарет, Сарыөзек кенті
- Әскери лазарет, Үшарал қаласы
Министрлер тізімі
өңдеуДереккөздер
өңдеу- ↑ "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы" ҚР Президентінің 1992 ж. 7 мамырдағы № 738 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1992, № 18, 279-бап).
- ↑ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- ↑ Құрылым
- ↑ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары