Қазақстанның мемлекеттік наградалары
Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - "Алтын Қыран" орденi, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да ордендерi, медальдары, құрметтi атақтары және Құрмет грамотасы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары жемiстi мемлекеттiк, қоғамдық, шығармашылық қызметi, еңбектегi және жауынгерлiк ерлiктерi үшiн, олардың Республикаға сiңiрген еңбегiнiң танылуының белгiсi ретiнде мемлекеттiк наградалармен наградталады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен Қазақстан Республикасына еңбек сiңiрген шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың да наградталуы мүмкiн.
Мемлекеттiк наградалармен наградтауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.
Ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгілері
өңдеуҚазақстан Республикасы мемлекеттiк марапаттарының ��таулары мемлекеттiк тiлде белгiленедi. Мемлекеттiк марапаттарының сипаттамасын, "Алтын Қыран" орденi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" кiтапшаларының, орден кiтапшаларының, медальдарға куәлiктердiң және құрметтi атақтар берiлгенi туралы куәлiктердiң үлгiлерiн, мемлекеттiк марапаттарға ұсыну және оларды тапсыру тәртiбiн, басқа да құжаттар мен ережелердi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Бір адам дәрежелері бар наградалардан басқа ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгілерімен, сол орденмен немесе медальмен екі мәрте наградталмайды.
Құрметті атақтар қайталап берілмейді. Ел мүддесін қорғау үстінде көрсеткен батылдығы, ерлігі, қаһармандығы үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау қайтыс болғаннан кейін де жүргізілуі мүмкін.
"Алтын Қыран" орденiмен марапаттау үшiн кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президентi анықтайды. Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiсi болып табылады. "Алтын Қыран" орденiмен азаматтар Қазақстан Республикасына сiңiрген мемлекеттiк ��рекше еңбегi үшiн наградталады. "Алтын Қыран" орденiмен бұрын Қазақстан Республикасының немесе КСР Одағының ордендерiнiң бiрiмен наградталған азаматтар наградталады. Қазақстан Республикасының Президентi лауазымы бойынша айрықша үлгiдегi "Алтын Қыран" орденiнiң иегерi болып табылады.
Қазақстан Республикасына сiңiрген аса үздiк еңбегi, оның бостандығы мен тәуелсiздiгi жолындағы жауынгерлiк ерлiктерi үшiн берiледi. "Халық қаhарманы" атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелiк белгiсi - Алтын жұлдыз және "Отан ордені" тапсырылады.
Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін беріледі. "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз жөне "Отан" ордені тапсырылады.
Ордендер
өңдеуМемлекеттiк және қоғамдық қызметтегi; экономиканы, әлеуметтiк саланы, ғылым мен мәдениеттi дамытудағы; мемлекеттiк, құқық қорғау және әскери қызметтегi, демократия мен әлеуметтiк прогрестi дамытудағы айрықша еңбегi үшiн наградталады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев орденімен Қазақстан Республикасының қалыптасуына, көркеюіне және даңқын шығаруға жәрдемдескен, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қазақстан Республикасының азаматтары наградталады.
«Барыс» ордені - Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайту ісіндегі; бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етудегі; мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметтегі; халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен оларды өзара байытудағы, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды нығайтудағы айрықша еңбегі үшін жүргізіледі. "Барыс" ордені үш дәрежеден тұрады:
- I дәрежелі "Барыс"; - II дәрежелі "Барыс"; - III дәрежелі "Барыс".
I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау III дәреже, II дәреже, I дәреже ретімен жүргізіледі. Ерекше жағдайларда айрықша көзге түскені үшін Мемлекет басшысының шешімімен наградтау реттілік ескерілмей жүргізілуі мүмкін.
"Даңқ" орденімен Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың жоғары офицерлік құрамдағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының қызметкерлері: әскерлерге басшылық жасау және оларды басқару ісіндегі табыстары, әскерлердің жоғары жауынгерлік даярлығы және елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз еткені үшін; әскери, шекаралық және ішкі қызметті үздік ұйымдастырғаны, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз еткені, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті сақтауды нығайтқаны үшін наградталады. "Даңқ" ордені екі дәрежеден тұрады: - I дәрежелі "Даңқ"; - II дәрежелі "Даңқ". I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау II дәреже және I дәреже ретімен жүргізіледі.
"Айбын" орденімен Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың әскери қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының қызметкерлері: - жауынгерлік әзірлікте, әскерлерді жоғары жауынгерлік даярлықта ұстауда және жаңа әскери техниканы игеруде, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін; - әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін наградталады.
Айбын" ордені үш дәрежеден тұрады: - I дәрежелі "Айбын"; - II дәрежелі "Айбын"; - III дәрежелі "Айбын".
I және II дәрежелі "Айбын" ордендерімен офицерлердің кіші және аға құрамдарындағы адамдар наградталады. I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау: II дәреже және I дәреже ретімен жүргізіледі. III дәрежелі "Айбын" орденімен сарбаздар, матростар, сержанттар, старшиналар наградталады.
"Парасат" орденiмен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлерi, мемлекет және қоғам қайраткерлерi, сондай-ақ Республиканың рухани және интеллектуалдық әлеуетiн дамыту мен молайтуға зор жеке үлес қосқан не адам құқықтарын және оның әлеуметтiк мүдделерiн қорғау жөнiндегi белсендi қызметi үшiн азаматтар наградталады.
"Достық" орденiмен азаматтар қоғамда өзара татулықты сақтау жөнiндегi жемiстi жұмысы, халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн наградталады. "Достық" ордені екі дәрежеден тұрады: - I дәрежелі "Достық"; - II дәрежелі "Достық". Наградтау реттілік ескерілмей жүргізілуі мүмкін.
"Құрмет" орденiмен азаматтар экономиканы, әлеуметтiк саланы, ғылым мен мәдениеттi, бiлiм беру iсiн дамытуға сiңiрген еңбегi, мемлекеттiк органдардағы мiнсiз қызметi және белсендi қоғамдық қызметi үшiн наградталады.
"Ел бірлігі" орденімен азаматтар ұлт бірлігін нығайту және қоғамдық татулықты қамтамасыз ету жолындағы жемісті еңбегі үшін наградталады.
"Еңбек Даңқы" орденімен өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және басқа да салалардың жұмыскерлері кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы жемісті еңбегі үшін, сондай-ақ тиісті салалардағы жоғары көрсеткіштері үшін наградталады. "Еңбек Даңқы" ордені үш дәрежеден тұрады: I дәрежелі "Еңбек Даңқы"; II дәрежелі "Еңбек Даңқы"; III дәрежелі "Еңбек Даңқы".
I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау III дәреже, II дәреже және I дәреже ретімен жүргізіледі.
"Еңбек Даңқы" орденінің үш дәрежесінің иегерлері мәртебесі бойынша "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға теңестіріледі.
Медальдар
өңдеуҚұрметті атақтар
өңдеуКөп балалы аналарға арналған марапаттар
өңдеу- «Алтын алқа» - жеті және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар наградталады. "Алтын алқа" алқасымен наградтау осы ананың жетінші баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте жүргiзiледi.
- «Күміс алқа» - алты бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар алтыншы баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте наградталады.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы
өңдеуҚазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен экономикадағы, оқу-ағарту ісіндегі, әскери және өзге мемлекеттік, қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктерге жеткен азаматтар, сондай-ақ, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал еткен шығармашылық ұжымдар марапатталады.
Мерекелік медальдар
өңдеу• Астана медалі • Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл медалі • Қазақстан темiр жолына 100 жыл медалі • 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл мерейтойлық медалі • Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі • Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалі • 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл мерейтойлық медалі • Тыңға 50 жыл медалі • Астанаға 10 жыл медалі • 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл мерейтойлық медалі • Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі • Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 20 жыл медалі • Теңгеге 20 жыл медалі • Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл медалі • Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалі • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі • Астанаға 20 жыл медалі • Қазақстан Конституциясына 25 жыл медалі • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл медалі
Мемлекеттік сыйлықтар
өңдеуҚазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы
өңдеуҚазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы - республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуын айтарлық��ай жеделдетуге, қазақстандық ғылым мен техниканың әлемдегі озық жетістіктер деңгейіне шығуына әкелетін іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы аса үздік нәтижелер үшін беріледі.
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығы
өңдеуҚазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығы - Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық Қазақстан Республикасының азаматтарына отандық мәдениетті дамытуға ерекше бағалы үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармалары үшін беріледі.
Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық 2008 жылдан бастап беріледі. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық 2015 жылдан бастап беріледі. Екі жылда бір рет әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы жеті мемлекеттік сыйлық және әдебиет пен өнер саласындағы үш мемлекеттік сыйлық беріледі. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты және Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті Тәуелсіздік күніне береді.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы
өңдеуҚазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы [1]
"Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығы жемiстi ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын бекітілген номинациялар бойынша беріледі.
Сыйлық алуға өтінімдер қабылдау аяқталған кезде 35 жасқа толмаған, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар үміткер болады.
Салалық (ведомстволық) марапаттар
өңдеуБарлық айтылғандардан басқа Салалық (ведомстволық) марапаттар бар. Ведомстволық марапаттау туралы ұсыныс сіңірген еңбек жылдарына жету бойынша мемлекеттік, кәсіби, өзге де мерекелер және мерейтой күндерін мерекелеу жағдайы бойынша қаралады. Ведомстволық марапаттар ведомствосына байланысты жіктеледі:
- «Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» медалі
- «МЕЙІРІМ – ӘЛЕМГЕ МАХАББАТПЕН» медалі
- «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалі
- «Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі
- «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі
- «Еңбек ардагері» медалі
- «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі
- «Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі
- «Ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі
- «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері» марапат белгісі
- «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» марапат белгісі
- «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» марапат белгісі
- «Заңгер» І, ІІ, ІІІ дәрежесі марапат белгісі:
- 1) «Заңгер» І дәрежесі – әділет органдарының жүйесіндегі 12 жыл еңбегі үшін марапаттауға арналған;
- 2) «Заңгер» ІІ степени – әділет органдары жүйесіндегі 10 жыл қызметі үшін марапаттауға арналған;
- 3) «Заңгер» ІІІ дәреже– әділет органдары жүйесіндегі 7 жыл қызметі үшін марапаттауға арналған.
- «Әділет органдарының үздігі» марапат белгісі
- "Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісі
- «Қаржы қызметінің үздігі» марапат белгісі
- «Салық қызметінің үздігі» марапат белгісі
- «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» марапат белгісі
- «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» марапат белгісі
- «Құрметті авиатор» марапат белгісі
- «Құрметті жолшы» марапат белгісі
- «Құрметті автокөлікші» марапат белгісі
- «Үздік автокөлікші» төсбелгісі
- «Су көлігі саласының үздігі» марапат белгісі
- «Еңбек сiңiрген энергетик» марапат белгісі
- І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» марапат белгісі:
- 1) І дәрежелі «Еңбек даңқы» марапат белгісі – металлургия өнеркәсібі саласындағы 12 жыл еңбек сіңірген қызметі үшін марапаттауға арналған;
- 2) ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» – металлургиялық өнеркәсіп саласындағы 8 жыл еңбегі үшін марапаттауға арналған;
- 3) ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» – металлургиялық өнеркәсіп саласындағы 5 жыл қызметі үшін марапаттауға арналған.
- І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» марапаттау белгісі:
- 1) І дәрежелі «Кенші даңқы» – тау-кен өнеркәсібі ж��не шахта құрылысы саласындағы 12 жыл қызметі үшін марапаттауға арналған;
- 2) ІІ дәрежелі «Кенші даңқы» – тау-кен өнеркәсібі және шахта құрылысы саласындағы 8 жыл қызметі үшін марапаттауға арналған;
- 3) III дәрежелі «Кенші даңқы» – тау-кен өнеркәсібі және шахта құрылысы саласындағы 5 жыл қызметі үшін марапаттауға арналған.
- І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» марапаттау белгілері:
- «Шахтер даңқы» марапаттау белгісі үш дәрежеден тұрады:
- 1) І дәрежелі «Шахтер даңқы» – көмір өнеркәсібіндегі саладағы 12 жыл еңбегі үшін;
- 2) ІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» – көмір өнеркәсібі саласындағы 8 жыл еңбегі үшін;
- 3) ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» – көмір өнеркәсібі саласындағы 5 жыл еңбегі үшін.
- «Құрметтi энергетик» марапат белгісі
- «Кен орнын алғаш ашушы» төсбелгісі
- «Құрметті кенші» төсбелгісі
- «Еңбек сіңірген геолог» төсбелгісі
- «Құрметті метролог» төсбелгісі
- «Гидрометеорология саласының үздігі» төсбелгісі
- «Энергия үнемдеу саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі
- «Құрметті машина жасаушы» марапат белгісі
- «Құрметті стандарттаушы» төсбелгісі
- «Еңбек сіңірген сауда қызметкері» төсбелгісі
- «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері" төсбелгісі
- «Атом саласының үздігі» марапат белгісі
- «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі
- «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» марапат белгісі
- «Ы. Алтынсарин» марапат белгісі
- «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» марапат белгісі
- «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» марапат белгісі
- «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі
- «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісі
- «Архив саласының үздігі» төсбелгісі
- «Мәдениет саласының үздігі» марапат белгісі
- «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі
- «Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» марапат белгісі
- «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі
- «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісі
- «Құрметті металлург» төсбелгісі
- «Туризм саласының үздігі» марапат белгісі
- «Экология саласының үздігі» марапат белгісі
- «Құрметті энергетик» төсбелгісі
- «Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісі
- «Монополияға қарсы қызметтің үздігі» төсбелгісі
- «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жүйесінің үздігі" төсбелгісі
- «Құрметті құрылысшы» марапат белгісі
- «Құрметті сәулетші» марапат белгісі
- «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» марапат белгісі
- «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» марапат белгісі
- «Статистика үздігі» марапат белгісі
- «Үздік байланысшы» марапат белгісі
- «Жер қойнауының құрметті барлаушысы» марапат белгісі
- «Жер қойнауын барлаудың үздігі» марапат белгісі
- «Заң саласының үздігі» марапат белгісі
- «Су шаруашылығының ардагері» төсбелгісі
- «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгісі
- «Үздік цифрландырушы»төсбелгісі
Ордендердi, медальдарды және басқа да ерекшелiк белгiлерiн тағып жүру тәртiбi
өңдеуЕң жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - "Алтын Қыран" орденi, Алтын жұлдыз сол жақ омырауға ордендер мен медальдардың үстiнен тағылады. Құрметтi атақтар белгiлерi оң жақ омырауға тағылады.
Қазақстан Республикасының ордендерi мен медальдары сол жақ омырауғатағылады. Орден белгісін иық лентасына тағу кезінде ол оң иық арқылы өтеді. Осы орденнің жұлдызы сол жақ омырауға ордендерден солға қарай орналасады. Марапатталған адамдар ордендер мен медальдардың орнына белгіленген үлгідегі марапаттар рәмізін тағып жүре алады.
Марапатталушыда бұрынғы КСРО-ның және өзге де шет мемлекеттердің мемлекеттік марапаттары болған жағдайда КСРО-ның және шет мемлекеттердің марапаттары белгіленген ретпен Қазақстан Республикасының марапаттарынан кейін тағылады.
Мемлекеттiк марапаттардың және олармен марапатталған адамдардың мәртебесi
өңдеуЖоғары дәрежелі ерекшелік белгілері "Отан" орденіне немесе "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденіне ие болған азаматтарды марапаттау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабына жазылады. Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау ережесін, сондай-ақ оның сипаттамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
"Алтын алқа" алқасымен марапатталған немесе бұрын "Батыр-Ана" атағына ие болған көп балалы аналар белгіленген нормалар бойынша тұрғын үй алаңымен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі. Отбасы мүшелерімен бірге тұрғын жайды ұстап-күтуге, сондай-ақ коммуналдық қызметке шығыстарды төлеу үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
"Күміс алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналарға жеңілдіктер жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен белгіленуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк марапаттарына ие болған адамдар олардың сақталуын қамтамасыз етуге тиiс. Мемлекеттiк марапаттар мен оларға қоса берiлген құжаттар жоғалған жағдайда марапатталған өздерiнiң марапаттарға құқығын сақтайды. Жоғалғандардың орнына "Алтын Қыран" орденiнiң, Алтын жұлдыздың, ордендердiң, медальдар мен омырауға тағатын ерекшелiк белгiлерiнiң дубликаттары, әдетте, берiлмейдi. Ерекшелiк ретiнде олар Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Мемлекеттiк марапаттар жөнiндегi комиссияның шешiмiмен өрт, жер сiлкiну және басқа да дүлей апаттар салдарынан жоғалған, яғни марапатталған адам оларды жоғалудан сақтап қала алмаған жағдайда ғана берiледi. Марапаттау туралы құжаттар жоғалған жағдайда олардың дубликаттары жергiлiктi атқарушы органдардың өтiнiшi бойынша Мемлекеттiк марапаттар жөнiндегi комиссияның шешiмiмен берiледi.
Қайтыс болған марапатталған азаматтардың және қаза тапқаннан кейiн марапатталғандардың Қазақстан Республикасы ордендерi, медальдары, құрметтi атақтарына қоса берiлетiн омырауға тағатын белгiлерi, сондай-ақ оларды наградтау туралы құжаттар отбасына естелiк ретiнде сақтауға қалдырылады. Қайтыс болған кiсiнiң мұрагерлерiнiң келiсуiмен оның марапаттары мен марапатталуы туралы құжаттары сақтау және экспонат ретiнде көрсету үшiн мұражайларға берiлуi мүмкiн. Егер қайтыс болған кiсiнiң мұрагерлерi жоқ болса, оның марапаттары мен марапатталу туралы құжаттары Қазақстан Республикасының Президентiне қайтарылады.
Мемлекеттік марапаттармен марапатталған Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың марапатталуы туралы құжаттары болған жағдайда, бұл марапаттарды Республикадан тыс жерге алып кетуге құқығы бар. Бағалы металдардан жасалған мемлекеттік марапаттарды алып кету тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк марапаттарын айыру
өңдеуҚазақстан Республикасының мемлекеттiк марапаттарынан айыруды марапатталған адам қылмысы үшiн сотталған жағдайда - заңда белгiленген негiзде және тәртiппен соттың ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi жүргiзедi. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк марапаттарынан айырған кезде олар және оларға қоса берiлген құжаттар Қазақстан Республикасының Президентiне қайтарылуға тиiс. Заңсыз сотталған және толық ақталған азаматтардың мемлекеттiк марапаттарға құқығын соттың шешiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi қайта қалпына келтiредi.