Эллен Вильсон
Эллен Акссон Вильсон (ағыл. Ellen Axson Wilson, 15 мамыр 1860 — 6 тамыз 1914[1]) – Америка Құрама Штаттарының президенті Вудро Вильсонның бірінші әйелі және 1913 жылдан бастап 1914 жылы қайтыс болған күніне дейін АҚШ-тың бірінші ханымы.
Эллен Вильсон Ellen Wilson | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
4 наурыз 1913 жыл — 6 тамыз 1914 жыл | |||
Ізашары | Хелен Тафт | ||
Ізбасары | Эдит Вильсон | ||
Өмірбаяны | |||
Дүниеге келуі | 15 мамыр 1860 Саванна, Джорджия, АҚШ | ||
Қайтыс болуы | 6 тамыз 1914 (54 жас) Ақ үй, Вашингтон, АҚШ | ||
Туған кездегі есімі | Эллен Акссон | ||
Әкесі | Самуэль Эдвард Акссон | ||
Анасы | Маргарет Джейн Акссон | ||
Жұбайы | Вудро Вильсон | ||
Балалары | Маргарет, Джесси, Элеанор | ||
Қолтаңбасы | |||
өңдеу |
Өмірбаяны
өңдеуЭллен Акссон Вильсон Саванна, Джорджияда киелі Самуэль Эдвард Акссон мен Маргарет Джейн (тумысында Хойт) Акссонның отбасында дүниеге келді. Эллен өнерге, музыкаға және әдебиетке[2] талғампаз ханым болды.
Томас Вудро Вильсон оны алғаш рет үш жасында көрген еді. 1883 жылдың сәуірінде Вильсон өзінің немере ағасына Римге барып, сол жерде өзінің жесір қалған әкесіне көмектескен Элленді кездестіреді. Олар бес ай кездесіп жүрді, бірақ неке тойын кейінге қалдыруды жөн көрді, себебі сол кезде Томас Джонс Хопкинс Университетінде сынау мерзімінде болды, ал Эллен ауру әкесіне[3] күтім жасады.
Вильсон жиырма сегіз жасында жиырма бес жастағы Элленге 1885 жылы 24 маусымда қалындықтың атасының Саваннадағы үйінде үйленді. Рәсімге Вильсонның әкесі, Джозеф Вильсон және Элленнің атасы, Иссак Стоктон Кит Акссон қатысты. Бал айын олар Уэйнесвиллде өткізді. Сол жылы Брин Маур колледжі Вильсонға жылдық айлығы 1500 долларға тең мұғалім қызметін ұсынды. Олар колледждің кампусында Элленнің ағасымен бірге тұрды.
Балалары
өңдеуВильсондарда үш қыз болды:
- Маргарет Вудро Вильсон (1886—1944)
- Джесси Вудро Вильсон Сейр (1887—1933) .
- Элеанор Рэндольф Вильсон (1889—1967)
Америка Құрама Штаттарының бірінші ханымы
өңдеуАқ үйде тұрғанда Эллен үйдің үшінші қабатында студияда сурет пен эскиздерді салған. Жұмыстардан келген ақшаны ол қайырымдылыққа жұмсаған. Ақ үйде оның екі қызының неке тойы өткен. Вильсон кештерді[4] ұйымдастыруды жақсы көрмеді.
Дереккөздер
өңдеу- ↑ First Lady Biography: Ellen Wilson. National First Ladies' Library. Басты дереккөзінен мұрағатталған 25 сәуір 2012. Тексерілді, 6 қазан 2006.
- ↑ New Georgia Encyclopedia: Ellen Axson Wilson (1860—1914) Мұрағатталған 21 қазанның 2012 жылы.
- ↑ Ellen Louise Axson Wilson — Kids Encyclopedia | Online Encyclopedia | Kids Online Dictionary | Britannica
- ↑ Ellen Wilson Biography — Biography.com(қолжетпейтін сілтеме)
Сыртқы сілтемелер
өңдеуWhite House biography Мұрағатталған 2 қаңтардың 2004 жылы. - Эллен Вильсонның өмірбаяны.
President Wilson’s Other Wife Мұрағатталған 19 ақпанның 2012 жылы.