Шу аңғарыШу өзенінің орта ағысында, Қырғызстан мен Қазақстан (Жамбыл ��блысының Қордай, Шу, Мойынқұм аудандары жерінде) аралығында созылып жатыр.

Шу аңғары
Сипаттамасы
Ұзындығы180, 200 км
Ені30, 35 км
Орналасуы
43°15′47″ с. е. 74°12′24″ ш. б. / 43.263084° с. е. 74.206726° ш. б. / 43.263084; 74.206726 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°15′47″ с. е. 74°12′24″ ш. б. / 43.263084° с. е. 74.206726° ш. б. / 43.263084; 74.206726 (G) (O) (Я) (T)
Елдер Қазақстан
 Қырғызстан
Шу аңғары (Қазақстан)
Шу аңғары
Шу аңғары (Қырғызстан)
Шу аңғары

Жер бедері

өңдеу

Қырғызстандағы ұзындығы 200 км, Қазақстандағы ұзындығы 180 км-дей (Мойынқұм ауданына дейін), енді жері 30 – 35 км-ге жетеді. Аңғар теңіз деңгейінен 355 – 1200 м биіктікте жатыр. Мойынқұм ауданынан төменде аңғардың пішіні өзгеріп, Шу өзенінің жайылмасына айналады.

Климаты

өңдеу

Аңғардың климаты континенттік. Тау өңіріндегі қаңтар айының жылдық орташа температурасы –4 – 6ºС, төменгі бөлігінде (Қазақстан аумағында) –9 – 11ºС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 450 мм. Аңғардың Қырғыз жотасының етегінен бастап жері мал қыстатуға қолайлы және суғармалы егіншілік пен мал шарушылығы дамыған.[1]

Бұл аймақтың құрамына аңғардың оңтүстігін көмкеріп жатқан Сусамыр аңғары келіп тірелетін Қырғыз қыраты, сондай-ақ Шу өзенінің оң саласы — Шоң Кемін өзенінің аңғары кіреді. Шу өзені Шу аңғары аймағының солтүстіктегі табиғи шекарасын құрайды. Сонымен бірге бұл Қырғызстан мен Қазақстанның арасындағы шекара болып есептеледі. Шу аңғарының ландшафтары бай әрі сан алуан. Республиканың халық неғұрлым тығыз қоныстанған бөлігі — тау етегіндегі кең аңғар. Аңғардың батыс және шығыс бөлігін байланыстыратын кең автомагистральдің бойына жасыл желек пен баққа малынған толып жатқан елді мекендер жарыса орналасқан. Олардың айналасында қант қызылшасының плантациялары, бидай, жүгері, жоңышқа және басқа да дақылдардың егістіктері, жеміс бақтары мен жүзімдік алқаптары бар. Егін шаруашылығы мұнда суландырудың арқасында дамуда.

Автомобиль және темір жол бойын бойлап Үлкен Шу каналының батыс тармағы шығыстан батысқа қарай 175 км-ге созылып жатыр. Қосымша каналдар жүйесімен бірге ол бір замандарда құлазып жатқан жерлердің бейнесін мүлдем өзгертуге мүмкіндік берді.

Шатқалдармен тілімденген, тау өзендері ағып өтетін Қырғыз қыратының тауалды мен аласа жоталарын далалық жайылымдар алып жатыр. Шатқалдарда ауылдар, демалыс үйлері мен Бішкек қаласы түрғындарының саяжайлары орналасқан.

Оңтүстікке қарай қыраттың тік беткейлі және терең шатқалды, орташа биіктіктегі сілемдері созылып жатыр. Олардың беткейлеріндегі далалар биік шөпті шалғындық және шалғындық далалық жайылымдармен алмасып отырады, шырша, арша тоғайлары, қалың бұталар кездеседі. Жоғары жақта жазғы уақытта жарқын гүлденетін субальпілік және альпілік шалғындар қамтыған. Одан да жоғарырақта жалаң жартастар 4000—5000 м-ге дейінгі биіктікке көтерілетін тік шыңдары бар мәңгі қар мен мұздақтар аймағы жатыр.

Кен байлықтары

өңдеу

Аймақ кен байлықтарына бай емес. Полиметалл кендері құрылыс материалдарының кен орындарымен ерекшеленеді Негізінде, Шолпан-ата шипажайы пайдаланатын ыстық қайнарлар және минералды бұлақтар бар.

Шу аңғары республикадағы неғұрлым қолайлы көліктік-географиялық орынға ие, оның аумағы арқылы маңызды көліктік магистральдар: Құланнан (Қазақстан) Бішкекке одан әрі Балықшыға дейін темір жол және Тянь-Шань мен оңтүстік-батыс Қырғызстанның ішкі аудандарына дейін тармақталатын Ташкент — Бішкек — Алматы автожолының телімі өтеді.

Өнеркәсібі

өңдеу

Шу аңғары аймағы — республиканың аса маңызды өнеркәсіпті және ауыл шаруашылықты ауданы. Қырғызстанның бүкіл аумағының 10%-дан аз жерін алып отырған ол республиканың қалған аумағын қосып алғанда шығарылған өнеркәсіп өнімінен екі есе көп өнім шығарады. Өнеркәсіптің негізгі саласы — машина жасау (аспаптар, злектротехникалық бұйымдар шығарады). Жеңіл, тамақ өнеркәсібі, құрылыс өнеркәсібі дамыған.

Шу аңғарыдағы суармалы егіншілік

өңдеу

Шу аңғары — суармалы егіншіліктің ірі ауданы. Суарылатын жердің жалпы ауданы 315 мың га (республикадағы жалпы ауданның 1/3 бөлігіне жуығы). Бұл, негізінен, қант қызылшасы, эфир майлы дәні, бақшалық және азықтық дақылдар, көкөністер өсірілетін егістіктер. Дәнді дақылдардың елеулі бөлігі суарылмайтын жерлерге себіледі. Бірақ мұндағы өнім түрақты емес, ол жауын-шашын мөлшеріне тәуелді болады.

Өсімдіктері

өңдеу

Негізгі дәнді дақыл — күздік бидай. Оның үлесіне Шу аңғарында өсірілетін барлық дәнді дақылдардың жартысына жуығы тиеді. Азықтық арпа мен жүгері себуге де маңызды орын беріледі. Бішкек, Тоқмақ, Қарабалта сияқты өперкәсіптік орталықтардың айналасында көкөніс өсіру калыптасқан.

Шу аңғары республикада өндірілген барлық көкөністердің 60%-дан астамын береді. Бау-бақша өсіру мен жүзім өсіру де суармалы егіншілік аумағында орналасқан. Бақтар мен жүзімдіктер, әсіресе Бішкектің айналасында ерекше көп. Жеміс беретін ағаштардан алма, алмұрт, шие, алша, қара өрік, өрік, шабдалы көп отырғызылады. Жүзімнің шарап жасайтын сорттары басым өсіріледі. Шу аңғарында республикадағы жемістік дақылдар мен жүзімдіктердің жартысына жуығы өсіріледі.

Мал шаруашылығы

өңдеу

Мал шаруашылығында басты рөлді сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы атқарады. Шу аңғарының көпшілік жерінің жыртылатынына қарамастан, ауыл шаруашылығына жарамды жердің 70%-на жуығын жайылымдар құрайды.

Ресспубликаның басқа аудандарының ішінен Шу аңғары қала халқының ең жоғары үлесімен ерекшеленеді 55%-дан жоғары). Оның аумағында Қырғызстан халқының 1/3 бөлігі тұрады.

Шу аңғарының орталық бөлігінде республика астанасы қаласы орналасқан.[2][3]

Дереккөздер

өңдеу
  1. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
  2. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5
  3. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том