Христо Стоичков

Христо Стоичков (болг. Христо Стоичков; 8 ақпан 1966, Пловдив, Болгария) — болгариялық футболшы, шабуылшы. Карьерасының басым бөлігін ЦСКА және "Барселона" клубтарында өткізген. 80-90 жылдары Болгария Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.

Христо Стоичков Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

8 ақпан 1966 (1966-02-08) (58 жас)

Туған жері

Пловдив, Болгария

Азаматтығы

Болгария

Бойы

182

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтаған

Жастар клубы
1976—1982 Болгария Марица
Клуб карьерасы[* 1]
1982—1984 Болгария Хеброс 32 (14)
1984—1990 Болгария ЦСКА (София) 119 (81)
1990—1995 Испания Барселона 151 (76)
1995—1996 Италия Парма 23 (5)
1996—1997 Испания Барселона 24 (7)
1997 Сауд Арабиясы Аль-Наср (Эр-Рияд) 2 (1)
1998 Болгария ЦСКА (София) 4 (1)
1998—1999 Жапония Касива Рейсол 28 (13)
2000—2002 АҚШ Чикаго Файр 51 (17)
2003 АҚШ Ди Си Юнайтед 21 (5)
1982—2003 Барлығы 455 (220)
Ұлттық құрамы[* 2]
1987—1999  Болгария 83 (37)
Бапкерлік карьера��ы
2004—2007  Болгария
2007 Испания Сельта
2009—2010 Оңтүстік Африка Республикасы Мамелоди Сандаунз
2012—2013 Болгария Литекс
2013 Болгария ЦСКА (София)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Карьерасы

өңдеу

1990 жылы ЦСКА сапында ойнап жүріп, Кубок Иелерінің Кубогында "Барселонаның" қақпасына үш гол соғып, каталондықтардың бапкері Йохан Кройфтың көзіне түседі. Соның артынша Стоичков ""Барселонамен" келісім-шарт жасасты. "Барселона" сапында екі жылдан соң УЕФА Чемпиондар Кубогын жеңіп алды. Бұл ескі форматтағы турнирдің соңғы маусымы болатын.

Екі әлем чемпионатына қатысты. 1994 жылғы әлем чемпионатында алты гол соғып, ресейлік шабуылшы Олег Саленко екеуі турнирдің сұрмергені атанып, құраманың әлемдік додада бірінші рет жартылай финалға шығуына үлкен үлес қосты. Құрама 1996 жылғы Еуропа чемпионатында топтан шыға алмай қалады. Осы себепті Болгарияны 1994 жылы рекордтық биікке көтерген Димитр Пенев орнынан босатылды. Оған Стоичков наразылық білдірді де, ол үлкен киікілжіңге ұласып, бұл құрама ойындарына бір жылға дейін қатыса алмайтын боп дисквалификацияға ұшырады. Құрамаға тек 1997 жылы 8 маусымда Люксембургпен матчта ғана оралды. Осы ойында Стоиков есеп ашты, ал құрама 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Дәл осы кезде "Барселонадағы" ойыны нашарлап кеткен Стоичков "Аль Наср" клубына ауысты. Ал, Болгария құрамасы үш ойында бір ғана ұпай жинап, топтық турнирден аса алмаған 1998 жылғы әлем чемпионатынан кейін Стойчков Жапония клубтарының біріне өтті. Бірер жылдан соң АҚШ-қа кетті де, 2003 жылы карьерасын аяқтады.

2004-2007 жылдар аралығында Болгария құрамасына бапкер болды, бірақ бір де-бір ірі турнирге жолдама ала алмады.

Жетістіктері

өңдеу

Командалық

өңдеу
  • Болгария чемпионы (3): 1986/87, 1988/89, 1989/90
  • Болгария кубогы (4): 1984/85, 1986/87, 1987/88, 1988/89
  • Испания чемпионы (4): 1990/91, 1991/92, 1992/93, 1993/94
  • Испания кубогы: 1996/97
  • Испания суперкубогы (4): 1991, 1992, 1994,1996
  • УЕФА Чемпиондар Кубогы: 1991/92
  • УЕФА Кубогы (2): 1992, 1997
  • УЕФА Кубок иелері кубогы: 1996/97
  • АФК Кубок иелері кубогы: 1997/98
  • Джей-лига кубогы: 1999
  • АҚШ кубогы: 2000

Жекелей

өңдеу
  • Болгарияның үздік футболшысы: 1989, 1990, 1991, 1992, 1994
  • "Алтын доп" иегері: 1994
  • Халықаралық матчтардың үздік мергені: 1994[1]
  • ФИФА 100 тізіміне енген.
  • 1954-2003 жылдар аралығындағы Болгарияның ең үздік футболшысы.
  • 1994 жылғы әлем чемпионатының сұрмергені (ресейлік Олег Саленкомен бірге): 6 гол

Дереккөздер

өңдеу

Сілтемелер

өңдеу