Тәтті бұршақ
Тәтті бұршақ (Латын атауы:Pisum sativum var. axiphium) Қарапай��м бұршақтың бір түрі, бұршаққынымен және піспеген дәндерімен бірге тұтастай қолданылады. Бастапқыда бұршақты тек құрғақ дәндері үшін ғана өсірген. XVI ғасырда Голландияда бұршаққын ішіндегі нәзік, қытырлақ бұршақ өсіре бастады. Ол ризоттоға арналған керемет қосымша болып табылады, етпен және теңіз өнімдерімен тамаша үйлеседі. Бұршақтың бұл түрі Азияға көшіп кетті, сол жақта ол өте танымал болды. Қазіргі таңда тәтті бұршақ азия тағамдарының маңызды элементі болып табылады. Тәтті бұршақтың дәмі осы асхананың соя тұздығы, устрица тұздығы, күнжіт дәндері және зімбір сияқты дәмдеуіштер мен қосымшаларын тамаша толықтырады. Ол күрішпен және қышқылды-тәтті тұздықтармен керемет үйлеседі. Қытайдың, Жапонияның немесе Корейдің экономикалық жетістіктеріне бұршақтың әсері әлі анық зерттеулермен дәлелденген жоқ, бірақ кім біледі?
Құрамы
өңдеуТәтті бұршақтың 100 г - 42 ккал Құрамында ағуыз, жасұнық, С дәрумені, В тобының дәрумендері, Е дәрумені, калий, фосфор, магний және кальций бар.
Пайдасы
өңдеуҚан құрамындағы қанттың деңгейін жоғарылатпай, ағзаны қуатпен қамтамасыз етеді.
Азия тағамдарында, сондай-ақ, саумалдық сияқты дайындалатын, тәтті бұршақтың жапырақтарын да қолданады.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|