Тимирязево (Солтүстік Қазақстан облысы)

ТимирязевоСолтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы ауыл, аудан және Тимирязев ауылдық округі орталығы.

Ауыл
Тимирязево
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Аудан орталығы

Облысы

Солтүстік Қазақстан

Ауданы

Тимирязев

Ауылдық округі

Тимирязев

Тарихы мен географиясы
Координаттары

53°44′33″ с. е. 66°30′15″ ш. б. / 53.74250° с. е. 66.50417° ш. б. / 53.74250; 66.50417 (G) (O) (Я)Координаттар: 53°44′33″ с. е. 66°30′15″ ш. б. / 53.74250° с. е. 66.50417° ш. б. / 53.74250; 66.50417 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1954

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

4 033[1] адам (2023)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

15

Тимирязево картада
Тимирязево
Тимирязево
Тимирязево картада
Тимирязево
Тимирязево
 Басқа мағыналар үшін Тимирязево деген бетті қараңыз.

Географиялық орны

өңдеу

Облыс орталығы – Петропавл қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 240 км, Сулы темір жолы стансасынан батысқа қарай 1,5 км жерде, Шағана көлінің жағасында орналасқан.

Халқы

өңдеу

1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 5592 адам (2751 ер адам және 2841 әйел адам) болса, 2009 жылы 4601 адамды (2224 ер адам және 2377 әйел адам) құрады.[2]

Тарихы

өңдеу

Іргесі 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде астық кеңшарын құруға байланысты қаланған. 1962 жылы Тимирязев ауданының орталығына айналды.

Инфрақұрылымы

өңдеу

Тимирязевкада әкімшілік мекемелер, телекоммуникациялық торап, аудан байланыс бөлімшесі, жалпы білім беретін орта мектеп-гимназия, 20-кәсіптік-техникалық мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, аудандық аурухана мен емхана жұмыс істейді. Тимирязевка аудандағы автомобиль жолдарының ең ірі торабы. Одан Сулы темір жолы стансасы арқылы бес тарапқа автомобиль жолдары шығады.

Дереккөздер

өңдеу