Сәуб
Сәуб (араб.: ثَوْبٌ, йеменде: дишдаша, Ливияда: сурия, оманда: кандура) — негізінен ақ матадан тігілетін ұзын жеңді жейде. Дәстүрге сай негізінен иқалмен және куфиямен бірге киіледі. Сәуб мақтадан тігіледі, алайда салқын жақтарда (әсіресе Ирақ пен Сирияның салқын климатында) жүннен де тігілуі мүмкін. «Сәуб» сөзі «киім» мағынасын беріп, арабтар онымен матаның кесілген бөлігін атаған. Сәуб қазіргі күнге шейін арабтардың белгісі ретінде танымал және Парсы шығанағындағы араб елдерінің тұрғындары сәубті күнделікті өмірінде киеді.