Сор (кебір) — геоморфологиялық ілім бойынша өз алдына рельеф типін құрайтын өсімдіксіз тақыр, немесе сораңдардан тұратын өсімдіктері өте сирек тұзды шөлдердегі ойпаңдар. Нөсер жаңбырлар кезінде түбіне су жиналып көлшік пайда болады. Бірақ ыстық температура жағдайында тез құрғап қалады да, көп бұрышты жарықтар пайда болады. Сордың барлық горизонттарында оңай еритін тұздар көп кездеседі, онымен бірге жер асты сулары жер бетіне жақын орналасады.[1]

Сор (ақ түсті)

Сор Қазақстанның шөл және шөлейт жерлерінде суы тартылған тұзды көлдердің орнында және топырағы саз балшықты, құрамында тұзы көп болып келетін ойпаттарда көктемгі жиналған қақ суы кепкеннен соң пайда болады. Сорларға өсімдік шыұпайды. Жаз айларының ыстығында сордың бетіндегі қабыршақтар жарылып тақырға айналады.[2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакңией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.
  2. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 5-том. 226-бет. «Азия Арна» баспасы. Алматы, 2014