Серік Сұлтанғазыұлы Біләлов

Серік Сұлтанғазыұлы Біләлов (5 сәуір, 1958, Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сарытомар ауылы) — қазақстан саясаткері, 2007–2013 жылдары Солтүстік Қазақстан әкімі және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (15 наурыз 2013 жыл).

Серік Сұлтанғазыұлы Біләлов
Серік Сұлтанғазыұлы Біләлов
Лауазымы
Ту
Ту
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Ту
Ту
9 қазан 2007 жыл — 22 қаңтар 2013 жыл
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Ізашары Тайыр Мансұров
Ізбасары Самат Ескендіров
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 5 сәуір 1958 (1958-04-05) (66 жас)
Сарытомар ауылы, Булаев ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қазақ КСР, КСРО
Балалары 2 қызы; 1 ұлы бар
Марапаттары
Барыс ордені
Барыс ордені
Құрмет ордені
Құрмет ордені

Өмірбаяны

өңдеу
  • Целиноград ауыл шаруашылық институтын (1983 ж.) бітірген.
  • Алматы экономика және статистика институтын тәмамдады (1998 ж.), зооинженер, экономист.
  • Еңбек қызметін 1974 ж. Солтүстік Қазақстан облысының Возвышенка ауданының «Молодогвардейцев» атындағы совхоздың мал санитары болып бастаған.
  • Бескөл ауданы «Андреевский» кеңшары бөлімшесінің зоотехнигі болып жұмыс істеді.
  • Солтүстік Қазақстан облысының кеңшарларында бас зоотехник
  • Совет ауданы «Аралағаш» кеңшарының директоры болып істеді.
  • 1992 ж. «Бескөл құс фабрикасы» АБАҚ бас зоотехнигі, одан кейін президенті болып істеді.
  • 1999 ж. бастап Солтүстік Қазақстан облысы Булаев (қазіргі Мағжан Жұмабаев) ауданының әкімі.
  • Есіл ауданының әкімі
  • Қызылжар ауданының әкімі.
  • 2007 ж. сәуіріне дейін Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданының әкімі
  • 2007 ж. сәуір айынан Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.
  • 2007 ж. 9 қазан—2013 жылғы 22 қаңтар аралығында - Солтүстік Қазақстан облысы әкімі.[1]
  • 2013 жылғы 15 наурыз күні - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2