Семсерлесу (нем. fechten — «айқасу, күресу»[1]) — жауынгерлік өнер, қазіргі кезде спорт түрі.

Спорттық бәсеке арнайы теселген жолдың үстінде жабық, кейде ашық залдың ішінде өтеді. Сайыс жолының ені барлық жарыстарда бірдей, ұзындығы 14 метр. Жолдың екі жағында ұзындығы 2 метр келетін бас алаң болады.

Ережелері

өңдеу

Сайыстың басталуы, сайыс жолына бірінші шақырылған спортшы аға төрешіге бұрылады. Сайыскерлер жолдың ортасына бір-бірлерінен 2 м. қашықтықта қарама-қарсы тұрады. Аға төреші "en garde" ("ұрысқа!") бұйрығын бергеннен кейін жекпе-жекке шығушылардан "дайынсыңдар ма?" деп сұрайды. "Дайынбыз" деген жауапты естігеннен кейін "allez" ("бастаңдар") деп бұйырады.

Сайысу мерзімі, 6 минутқа созылады. Жекпе-жектің 5 минуты өткеннен кейін төреші спортшыларға бәсекенің аяқталуына 1 мин. уақыт қалды деп хабарлайды. Егер жекпе-жектің уақыты біткен кезде есеп тең болса, онда сайыскерлерге бірінші шаншуға дейін уақыт беріліп бәсеке жалғаса береді. Қосымша уақытта бірінші шаншып үлгерген спортшы жеңіске жетеді. Кейде қарсыласын бірінші болып 10 рет шаншып үлгерген спортшыға да жеңіс беріледі. Сайысу мерзімін есептеу қарсыласын шанш��п өткен, ал қылыштасуда қаруының 2/3 бөлігімен қырынан тиген соққыға ұпай беріледі. Шанышқан немесе қылыштың жүзімен ұрған кезде сайыскер сайыс жолының ішінде болуға тиіс. Жолдан тыс жерде немесе бәсекені бастауға немесе тоқтатуға команда берілгеннен кейін жасалған тию ұпай әпермейді.

Алға аттау, қолындағы қаруымен қарсыласын түйреу үшін алға жасалатын қадам. Кейінгі жақта тұрған аяғын, жерге тірек ететін, алдыңғы аяғын сермей алға ұмтылғанда сайыскерлердің арасы жақындайды.

Ұпайларды есептеу, электронды жабдық арқылы жасалады. Әр шаншу немесе соққы жарқ еткен электр жарығы арқылы есепке алынып отырады. Рапира мен қылышта қарсыластар бірін-бірі бір сәтте шаншыса (ұрса) онда екі жаққа да ұпай есептелінбейді.[2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. БСЭ(қолжетпейтін сілтеме)
  2. Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3

Тағы қараыз

өңдеу