Саяси әдістеме
Саяси әдістеме - [грек, metodos - зерттеу жолы, logos - сөз, ілім] - саяси зерттеу жүргізу әдістері туралы ілім. Бір мағынада әдістеме ретінде саяси ғылымдағы зерттеу қызметінің бағыттарын анықтаушы гносеологиялық қағидалар, сонымен бірге жаңа білім алу принциптері мен әдістері. Екінші бір мағынада саяси ғылым ауқымындағы арнайы пән. Бүл пән нысаны - саяси зерттеу жүргізу үрдісі. Әдістеме танымдық жүйе ретінде бірнеше деңгейден тұрады: философиялық сипаттағы білім, ғылыми зерттеу мәні, құрылымы, принциптері, ережелері мен әдістері туралы білім, нақты зерттеу пәніне қатысты теориялық білім. Арнайы саяси пән ретінде әдістемеде нақты-саяси зерттеу үрдісі теориялық түрғыдан түсініледі. Саяси ғылымды рефлексиясы бар жүйе ретінде қарастыруға болады. Бүл - өзінің зерттеулік іс-әрекетін ой елегінен өткізуге бағытталған ғалым қызметі. Егер саясаттанушы саяси шындықты зерттейтін болса, онда әдіскер нақты құндылық бағыт түрғысынан ғалым жүмысын түсіндіруғе, сипаттауға және түсінуге ұмтылады.
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |