Сагалассос (гр. Σαγαλασσός) — Оңтүстік-Батыс Анадолыдағы (қазіргі Түркия) ежелгі қала және маңызды археологиялық ескерткіш. Қазіргі Анталиядан Сагалассосқа дейін 100 шақырым, Бурдур және Ыспарта қалаларынан-30 шақырым.[1] Сагалассос Ақдаг тауында, 1450-1700 метр биіктікте орналасқан. Ежелгі римдіктер кезінде бұл елді мекен «Писидияның бірінші қаласы» ретінде белгілі болды.[2]

Сагалассостың ашылу тарихы

өңдеу

1706 жылы француз саяхатшысы Пол Лукас кездейсоқ ежелгі қаланың қирандыларын тапты. Лукас жазушы ретінде Сагалассосты поэтикалық түрде суреттеп, оны "тастап кеткен қала, нимфалардың мекені"деп атады.

 
Сагалассос, төменгі жағы

Кейін ағылшын Фрэнсис Эранделл болды. Ол өзінің деректі әсерімен Пол Лукастан 100 жыл өткен соң бөлісті. Одан әрі Сагалассосқа поляк -граф Ланкоронский қызығушылық танытты. Поляктан кейін ағылшын ғалымы Уильям Роуэн Гамильтон ежелгі Сагалассостың өзі көрген ең жақсы сақталған ежелгі қала екенін атап өтті. Гамильтоннан кейін ежелгі астана тағы да 100 жыл бойы ұмытылды.

ХХ ғасырдың 80-ші жылдары қалаға ағылшындар мен бельгиялықтардан тұратын халықаралық топтан құралған ғалымдар келді. Қазіргі уақытта қала мыңдаған бөлшектерден жиналған және ерекше көрік беруде.[3]

Қала тарихы

өңдеу
 
Сагалассос, аркалы есік
 
Театр
 
Солтүстік-батыс Героон

Қаланың нақты пайда болған уақыты белгісіз, бірақ қазба жұмыстары бұл аймақта көптеген мыңдаған жылдар бойы адамдар өмір сүргенін және бұл аймақтағы қалаларды хеттер де, ежелгі парсылар да атап өткен. Бірақ біздің заманымызға дейінгі 333 жылы қаланы Александр Македонский жаулап алғаны белгілі. Осыдан кейін қаланы осы аумақты алған әртүрлі Македония билеушілері эллинизациялады. Содан б.з.б. 1 ғасырда римдіктер осында келіп, Сагалассты өздерінің Галатия провинциясының астанасы етті. Осыдан кейін қала белсенді түрде дами бастады.[4]

Сагаласостың гүлденуінің соңы 518 жылы күшті жер сілкінісімен аяқталды. Қала бұрынғы деңгейіне дейін қалпына келмей тұрып, 541 жылы оба індеті пайда болды, ол үш жыл ішінде оның халқының кем дегенде жартысын жойды. Сагаласос ақыры 7 ғасырдың ортасында, Византия империясының шекарасына келесі арабтардың жорықтары басталған кезінде ыдырап кетті.[5] Түріктердің келуімен және олардың жергілікті грек-христиан қауымымен қақтығысуы нәтижесінде қала бірте-бірте толығымен қаңырап бос қалды. 7 ғасырдың ортасына қарай тұрғындары қаланы толығымен тастап кетті.[6]

Театр

өңдеу

Театр 2 ғасырдың басында император Адрианның тұсында салынған және 9000 көрерменді сыйдыра алатын, бұл қаланың көлемін көрсетеді. Ол жақсы сақталған, қалпына келтіру жұмыстары әлі жүргізілмеген. Театрға барар жолда кітапханасы мен мозаикасы бар жергілікті меценант Неонның үйі бар. Үйдің астында су қоймасы бар фонтан болды, ��ергілікті тұрғындар одан су алатын.[7]

Жоғарғы терраса және Героон

өңдеу

Қала бірнеше деңгейде орналасқан, олар баспалдақтар арқылы біріктірілген. Жоғарғы және төменгі террассалар арасындағы биіктік айырмашылығы шамамен 350 метрді құрайды.

Сагаласостың жоғарғы бөлігінде аты белгісіз белгілі бір батырға арналған Героон ғибадатханасы бар. Ғибадатхана біздің дәуіріміздің тоғысында салынған. Шын мәнінде, оны қазіргі заманғы реставраторлар қирандылардан қалпына келтірген. Ғимараттың төменгі бөлігіндегі барельефтер жақсы сақталған. Қасында Зевстің ғибадатханасының аздаған қалдықтары бар. Ғибадатхана орнындағы қара қабырғалар 5 ғасырда тұрғызылған қала қабырғасының бөлігі болып табылады деп есептеледі.[7]

Монументалды субұрқақ

өңдеу

Мұнда табылған 4000 фрагменттің ішінде реставраторлар бас алаңдағы Энтони субұрқағын бірте-бірте қалпына келтірді. Субұрқақтың ұзындығы 28 метр, ені 4 метр, биіктігі 9 метр. Бұл монументалды ғимарат біздің заманымыздың 160-180 жылдар аралығында салынған.[8] Субұрқақ жеті түрлі материал (тас) арқылы салынған. Құрылымның ортасына 4,5 метр биіктіктен су құлаған. Бассейнде 81 текше метр су болды. Фонтанның екі жағында тұрған екі түпнұсқа Дионис мүсінінен басқа, кейінірек басқа да әдемі мүсіндер қосылды.[9]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Сагалассос — забытый город https://www.bagira.guru/antiquity/sagalassos-zabytyj-gorod.html Мұрағатталған 16 шілденің 2022 жылы.
  2. Яна Лисецкая. Древний город Турции — Сагалассос https://www.tourister.ru/responses/id_10454
  3. Город, который 300 лет ждал "своих" археологов. Сагалассос. Неизвестная Турция https://zen.yandex.ru/media/id/5ffdeb6429fd947aa6b821bf/gorod-kotoryi-300-let-jdal-svoih-arheologov-sagalassos-neizvestnaia-turciia-6066569ca773600090419c9a
  4. Древний город Сагалассос в горах близ Антальи https://think-head.livejournal.com/689036.html
  5. Сагалассос – затерянный в горах античный город https://alantatour.com/sagalassos.html
  6. Забытый город Сагалассос. Часть 1 https://7dach.ru/Yorik/zabytyy-gorod-sagalassos-chast-1-87581.html
  7. a b Сагалассос, великолепные руины высоко в горах https://putevye-istorii.ru/sagalassos/#i-3
  8. Сагалассос — затерянный мир центральной Турции https://gidzilla.com/czentralnaya-turcziya/sagallasos/
  9. Сагалассос - затерянный город https://life-in-turkey.livejournal.com/366686.html