Расул Қыдыралиұлы Көшербаев

Расул Қыдырәлиұлы Көшербаев (өзб. Rasul Xidralievich Kusherbayev; 12 қаңтар 1987, Жаңажол ауданы, Ташкент облысы) — өзбекстандық саясаткер, редактор және журналис, Олий Мәжілісі Заң шығару палатасының бұрынғы депутаты.

Расул Көшербаев
өзб. Rasul Xidralievich Kusherbayev
Лауазымы
Ту
Ту
Олий Мәжілісінің Заң шығару палатасы депутаты
Ту
Ту
2020 — 2022
Президент Шавкат Мирзиёев
Вице-президент Танзила Камалқызы Нарбаева
Премьер-Министр Абдулла Нығметұлы Әріпов
Ту
Ту
Өзбекстан Республикасы Табиғи ресурстар министрлігінде министрдің кеңесшісі
Ту
Ту
2023
Президент Шавкат Мирзиёев
Вице-президент Танзила Камалқызы Нарбаева
Премьер-Министр Абдулла Әріпов
Ізашары Азиз Абдухакимов
Өмірбаяны
Партиясы Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясы
Білімі Ташкент мемлекеттік заң университеті
Ғылыми дәрежесі Магистр
Мамандығы журналис, редактор, саясаткер, заңгер
Азаматтығы  Өзбекстан
Діні Ислам
Дүниеге келуі 12 қаңтар 1987 (1987-01-12) (37 жас)
Жаңажол ауданы, Ташкент облысы, Өзбек КСР, КСРО
Әкесі Қыдырәли Көшербаев
Анасы Гүлчехра Көшербаева
Сайты t.me/r_kusherbayev
Марапаттары «Өзбекстан белгісі» төсбелгісі. Өзбекстанда жыл адамы «Жыл байқауы-2020»

Өмірбаяны

өңдеу

Шанышқылы тайпасы Қарақалпақ руынан шыққан.

1987 жылы 12 қаңтарда Жаңажол ауданы, Қушяғоч ауылында қазақ отбасында дүниеге келген. Өзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университетін халықаралық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы Либерал-демократиялық партиясының Ташкент облыстық әкімшілігінің жастар бөлімінің меңгерушісі болып бастаған.

2012-2014 жылдар аралығында «Янгийол» (Жаңа жол) газ��тінің бас редакторы қызметін атқарған. Өзбекстан либералдық-демократиялық партиясының мүшесі.

2014 жылдан Өзбекстан парламентінің төменгі палатасының депутаты. 2020 жылға дейін Инновация, ақпараттық саясат және АКТ-ны дамыту комитетінің мүшесі болды.[1] 2020 жылдың қаңтар айынан бастап Олий Мәжлістің Заң шығару палатасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сот-құқықтық мәселелер жөніндегі комитетінің мүшесі.

Ол ашықтықты, сөз бостандығын, соттардың тәуелсіздігін, жеке меншікке қол сұғылмаушылықты және т.б. қамтамасыз етудің белсенді жақтаушысы. Ол сондай-ақ еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін ырықтандыру мен нарықтық тетіктерді енгізуді жақтаушы.

Соңғы жылдары ол бұқаралық ақпарат құралдарында университеттерде студенттермен оқу келісім-шарттарын қысқарту, жеке тұлғаларға монополияны жою[2], халықтың орта және төменгі топтарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, соттардың тәуелсіздігі және т.б.

2022 жыл 23 желтоқсан күні Расул Көшербаев депутаттық қызметін аяқтауын айтты[3] және 26 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы Олий Мәжліс заң шығару палатасының депутаты Расул Көшербаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені қарады. Комиссия мүшелері оның өкілеттігін тоқтатуды бірауыздан қолдады.[4]

2023 жылдың 1 ақпанынан бастап Өзбекстан Республикасы Табиғи ресурстар министрлігінде министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.[5]

2023 жыл 31 шілде ӨзЛиДеп партия мүшелігінен шықты.[6]

Дереккөздер

өңдеу