Орман сусары
Орман сусары (лат. Martes martes) – сусарлар тұқымдасының сусарлар туысына жататын жыртқыш сүтқоректі аң.
Орман сусары | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Martes martes (Линней, 1758) | ||||||||||||||
Ареал
(жасыл - байырғы, қызыл - жерсінген) |
Дене тұрқы 43-58 см. Салмағы 1,8 кг. Иілгіш денелі, қысқа аяқты аң; терісі қара, омырауында ақ дағы бар. Жайық бойында және оның төменгі ағысында кездеседі. Түн мен кеште ғана шығады. Сәуірде күшіктейді. Тышқан тәрізділер мен кішігірім құстары жеп қоректенеді. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
Сирек. Жайық өзенінің жайылмалары мен Солтүстік Қазақстан ормандарында таралған; жапырақты және қылқан жапырақты ормандарда мекендейді. Қазақстанда жалпы саны 200 бастың шамасындай; санының азаюының негізгі себептері - орман алқабының қысқаруы және қасақылық. Қолда ойдағындай өсіп-өнеді. Үш қорықшада қорғалады. Жайық өзенінің жайылмасы мен Солтүстік Қазақстан ормандарында мекендеуге жарайтын учаскелерді сақтау қажет.
Статус
өңдеуIII-шы санат. Сирек түр, десе де Жайық өзенінің суалабы мен Солтүстік Қазақстанда қоныстану тығыздығы біршама жоғары. Қазақстанда түрдің таралу аймағының шеткі бөлігі жатыр.
Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы
өңдеуҚазақстанда бұл түрдің белгілі бес түршесінің өте әлсіз жіктелген екі түршесі – M.m.uralensis Kuznetsov, 1941 (Жайық өзенінің суалабы) және M.m.sabaneevi Jurgenson, 1947 (Солтүстік Қазақстан ормандары) мекендейді
Таралуы
өңдеуЖайық өзенінің суалабындағы жайылма тоғайлары мен Солтүстік Қазақстан ормандарында кездеседі. 1938 жыл Гурьев (Атырау) қаласынан 6 км жерде ауланған, мұнда кездейсоқ келуі мүмкін. 1986 жыл Екі сусар Калмыков ауылының манынан ұсталды. 1948 жыл Шілде-тамызда Солтүстік Қазақстан облысындағы Ленин ауданынан, ал 1978 жыл Шілдеде еркек орман сусары Көкшетау облысының Зеренді ауданынан ұсталған. Егер соңғы екі кездесуді кездейсок деп есептесек, XX ғасырдың аяғы мен XXI-ғасырдың басында Солтүстік Қазақстанда ол тұрақты түрде кездеседі.
Мекендейтін жерлері
өңдеуЖайық өзенінің суалабында негізгі биотоптары – көктерек, ақ терек, емен, тал өскен ормандар. Солтүстік Қазақстанда – шөптесін өсімдіктері мен бұталары сирек ескі қарағайлы ормандар, таза қайыңды ормандарда да кездеседі.
Саны
өңдеу1977 жыл Жайық өзенінің жайылмасында 1000 ға 1,7 сусардан келді: бұл жерде оның жалпы саны 110-120 болды. 1978 жыл Қараша - желтоқсанда саны 150-160-қа жетті, яғни бір жылдың ішінде саны 35%-ға өсті. Ескертетін жағдай 1978 және 1979 жылдар сусарлар үшін бұл аймақта өте қолайлы болды: үлкен су тасқындары болмады, қорек мол – жануартектескеде, өсімдіктектескеде. Солтүстік Қазақстанда XXІ-ғасырдың басында орман сусарының жалпы саны 160-тай болды, олардың жартысынан көбі «Бурабай» мен «Көкшетау» ұлттық парктерінде мекендеді.
Негізгі шектеуші факторлар
өңдеуҚорек қорының азаюы, әсересе тым қантәрізді кеміргіштердің, ұялауға қолайлы (ескі қуысы көп ағаштар) орындардың азаюы, және қаскерлік.
Биологиялық ерекшеліктері
өңдеуШілде-тамызда ұйығады, 236-275 күн буаз болады, ұяда 1-8, жиі 3 күшік бар, олардың көзі 34-ші күні ашылады. 2-3 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Жасының ұзақтығы – 15 жыл. Қорегінің негізін тышқантәрізді кеміргіштер құрайды, өсімдіктектес қорек 25%-ға жетеді. Жыртқыштардың оба ауруымен ауырады. Денесінен 19 түрлі гельминт табылған, әсіресе скрябингилез қауыпты. Жауына түлкі, қасқыр, қаршыға мен үкіні жатқызуға болады. Бәсекелестері – сол жерде мекендейтін барлық жыртқыш аңдар мен құстар.
Қолда өсіру
өңдеуДеректер жоқ.
Қабылданған қорғау шаралары
өңдеуАулауға мүлдем тиым салынған. Батыс Қазақстан облысында Кирсанов қорықшасы құрылған. Қорғауды керек ететін шаралар. Ормандағы ұялауға жарайтын учаскелерді сақтау, жасанды ұяшықтар жасау, қорегі тапшы жылдары қосымша қоректендіруді ұйымдастыру.
Зерттеу үшін ұсыныстар
өңдеуСусарлар қоныстанған территорияларды қатал бақылауды қолға алу, тұрақты санын есептеу. Қолда өсіруді зерттеу[1]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ 1. Гептнер и др., 1967; 2. Афанасьев и др., 1953; 3. Лобачев, 1982; 4. Лобачев, Байдавлетов, 1986; 5. Данилов, Туманов, 1976.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Martes martes |
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |