Нигилизм [1] (лат. nihil – ештеңе) – қоғамда қалыптасқан мәдени құндылықтар мен мұраларды, діни, моральдық нормалар мен түсініктерді қайта қарауды, жоққа шығаруды білдіретін ұғым.

“Нигилизм” ұғымын ғылыми айналымға енгізген неміс жазушысы және философы Ф.Г. Якоби (17431819). Философия мен мәдениеттануда Нигилизм көзқарасы неміс философы Ф.Ницше есімімен байланысты. Өз заманын құлды Нигилизмрау кезеңі деп есептеген Ницшенің Нигилизм қоғамдық санаға сіңіп, бұлжымас қағида ретінде қабылданған құндылықтар мен мұраттардың жойылуының салдары. Ол дүниеде, өмірде тиянақты, тұрақты ешнәрсе жоқ, адам мен қоғам өмірінде ақылдан гөрі инстинкт басым рөл атқарады деген ой айтып, гуманизм, рационализм сияқты оптимистік ұстындарды жалған әрі зиянды қасаң көзқарас деп сынады.

Нигилизмнің пайдасы – ол адамдарды өмір, дүние, адам, құдай жөніндегі елестерден, теріс түсініктерден арылтуға жол ашады. Нигилизммен шектелуге болмайды, оны жеңу керек. Бұл үшін өмірге, дүниеге салқынқандылықпен, салауатты қарау керек, ешкімге де, ешнәрсеге де құрал, қолжаулық болмайтын ерен, ерікті тұлғалар дүниеге келуі Нигилизм көзқарасын одан ары дамытқан немістің идеалист философы О.Шпенглер болды. Ол тек еуропалық өркениет ғана емес, еуропалық қоғамның да нигилистік сипатта екенін көрсетуге тырысты. Оның пікірі бойынша әрбір өркениет, мәдениет күннің батып бара жатқанындай.

XX ғасырда экзистенциалистік философия өкілдерінің туынды Нигилизм қайта бой көтерді. Мұның себебін Ж.П. Сартр (19051980), А.Камю (19131960), тағы басқа адам үшін күнделікті өмірдің мәнсіздігімен, адамның дүниедегі өз орнын таба алмай, өзін субъект, тұлға ретінде таныта алмай, жоғалтып алуымен түсіндіреді.[2][3][4]

Тағы қараңыз

өңдеу

Сілтемелер

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9
  2. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім
  3. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  4. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3