Натрий (лат. Natrіum; Na) — элементтердің периодтық жүйесінің І тобындағы химиялық элемент, атомдық нейтрондары 11, атомдық моллекулласы 22,98977; сілтілік металдарға жатады. Табиғатта тұрақты бір изотопы (23Na) бар.

11 НеонНатрийМагний
Li

Na

K
Периодическая система элементовСутегіГелийЛитийБериллийБор (элемент)КөміртекАзотОттекФторНеонНатрийМагнийАлюминийКремнийФосфорКүкіртХлорАргонКалийКальцийСкандийТитан (элемент)ВанадийХромМарганецТемірКобальтНикельМысМырышГаллийГерманийКүшәнСеленБромКриптонРубидийСтронцийИттрийЦирконийНиобийМолибденТехнецийРутенийРодийПалладийКүмісКадмийИндийҚалайыСүрмеТеллурИодКсенонЦезийБарийЛантанЦерийПразеодимНеодимПрометийСамарийЕуропийГадолинийТербийДиспрозийГольмийЭрбийТулийИттербийЛютецийГафнийТантал (элемент)ВольфрамРенийОсмийИридийПлатинаАлтынСынапТаллийҚорғасынВисмутПолонийАстатРадонФранцийРадийАктинийТорийПротактинийУранНептунийПлутонийАмерицийКюрийБерклийКалифорнийЭйнштейнийФермийМенделевийНобелийЛоуренсийРезерфордийДубнийСиборгийБорийХассийМейтнерийДармштадтийРентгенийКоперницийНихонийФлеровийМосковийЛиверморийТеннессинОганесон
Периодическая система элементов
11Na
Жай заттың сыртқы бейнесі
Күміс-ақ жұмсақ металл
Атом қасиеті
Атауы, символ, нөмірі

Натрий / Natrium (Na), 11

Топ типі

Сілтілік металдар

Топ, период, блок

1, 3, s

Атомдық масса
(молярлық масса)

22.98976928 м. а. б. (г/моль)

Электрондық конфигурация

[Ne] 3s1,
1s22s22p63s1

Қабықшалар бойынша электрондар

2, 8, 1

Атом радиусы

186 пм

Химиялық қасиеттері
Ковалентті радиус

166±9 пм

Ван-дер-Ваальс радиусы

227 пм

Ион радиусы

97 (+1e) пм

Электртерістілігі

0,93 (Полинг шкаласы)

Электродты потенциал

-2,71 В

Тотығу дәрежелері

−1 (алкалид)[1]; 0; +1 (ең жиі)

Иондалу энергиясы

1-ші: 495,6(5,14) кДж/моль (эВ)
2-ші: 4562 кДж/моль (эВ)
3-ші: 6910.3 кДж/моль (эВ)

Жай заттың термодинамикалық қасиеттері
Термодинамикалық фаза

Қатты дене

Тығыздық (қ.ж.)

0,971 г/см³

Балқу температурасы

370,96 К; 97,81 °C

Қайнау температурасы

1156,1 К; 882,95 °C

Балқу жылуы

2,64 кДж/моль

Булану жылуы

97,9 кДж/моль

Молярлық жылусыйымдылық

28,23 Дж/(K·моль)

Молярлық көлем

23,7 см³/моль

Қаныққан бу қысымы
P (Па) 1 10 100 1000 10 000 100 000
T (К) 554 617 697 802 946 1153
Жай заттың кристаллдық торы
Тор құрылымы

кубтық көлемдік центрленген

Тор параметрлері

4,2820 Å

Дебай температурасы

150 K

Басқа да қасиеттері
Жылуөткізгіштік

(300 K) 142,0 Вт/(м·К)

Юнг модульі

10 ГПа

Жылжу модульі

3.3 ГПа

Моос қаттылығы

0.5

Бринеллий қаттылығы

0.69 МПа

CAS нөмірі

7440-23-5

Натрий Na

Натрийды алғаш 1807 жылы ағылшын химигі Г.Дэви (1778 – 1829) күйдіргіш натрийды (NaOH) электролиздеу арқылы бөліп алған. Жер қыртысындағы орташа массалық мөлшері 2,64% - ды құрайды. Маңызды минералдары: галит (тас тұзы) – NaCl, мирабилит (глаубер тұзы) – Na2SO4•10H2O, чили селитрасы – NaNO3, криолит – Na3AlF6, трона – NaHCO3•Na2CO3•2H2O.

Натрий жұмсақ, күмістей ақ металл, тығыздығы 0,968 г/см3, балқу температурасы - 97,83°С, қайнау температурасы - 882,9°С. Тотығу дәрежесі +1. Қатты Натрий ау��да тез тотығады, сұйық күйінде тұтанады. Сумен өте күшті, оттек, фтор, хлор, күкіртпен белсенді, 200°С-та сутекпен, 800 – 900°С-та көміртекпен әрекеттеседі. Натрийды парафин мен трансформатор май қоспасында, ылғал және оттектен тазартылған бензин немесе керосинде, аргон немесе азот атмосферасында, сондай-ақ, дәнекерленген шыны ампулада сақтайды.

Натрий хлоридіне CaCl2, BaCl2 және т.б. қосылған немесе натрий гидроксидіне Na2CO3 қосылған (қоспалар NaCl-дың балқу температурасын төмендету үшін қосылады) балқымаларды электролиздеу арқылы алады. Натрий Na2O2, натрийорганикалық қосылыстар, NaH алуда, Tі, Zr, Ta өндірісінде тотықсыздандырғыш, бутадиенді каучук синтезінде катализатор ретінде, ядролық реакторларда және т.б. қолданылады.

Натрий және оның қосылыстары азық түлікті сақтауға, ядролық реакторларды салқындатуға, натрий буларының лампаларына, басқа элементтер мен қосылыстарға тазаруға және тазартуға, сондай ақ құрғату үшін пайдаланады.


  1. Үлгі:Greenwood&Earnshaw