Наймантөбе – ежелгі қоныс орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

өңдеу

Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылының шығыс шетінде, Арыс өзенінің сол жағалауында.

Кезеңі

өңдеу

VІІІ-Х ғасырлар.

Сипаты

өңдеу

1940 жылы Жамбыл археологиялық пунктінің экспедициясы (жетекшісі Г.И. Пацевич) тапқан. 1966 жылы Шымкент педагогикалық институтының археологиялық отряды (жетекшісі Н.П. Подушкин) зерттеген.
Қоныс "алаңқайлы төбе" түріндегі ескерткіш болып табылады. Орталық төбенің табаны 100x90 м, биіктігі 9 м, оған оңтүстік-шығыс жақтан таға тәрізді келген алаңқайлы-төбешік жалғасады. Оның ауданы 30x50 м, биіктігі 5 м, төбенің солтүстік беткейінен аумағы 5x2 м тік қазба (шурф) түсірілген. Ол 2 м тереңдікке дейін жеткізілген. Қазба барысында үй қабырғаларының орны, қыш ыдыстар сынықтары, үй және түз аңдарының сүйектері аршылып алынған. Құмыралар (хум, құмыра, саптаяқ, қақпақ, т.б.) түрлері ас үйлік, ангобпен әшекейленген. Кейбіреулеріне тік, ирек сызықтар түсірілген. Табылған заттарға қарағанда, қонысты халық 8-10 ғасырларда мекен етіп, Арыс өзенінің төменгі ағысындағы елді мекенмен мәдени-экономикалық байланыстар орнатқан.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2