Кэрри Фишер
Кэрри Фишер ([21.11.1956, Беверли-Хиллз, Калифорния, АҚШ – 27.12.2016, Лос Анжелес, Калифорния, АҚШ) – американдық актриса, сценарист, прозаик, актриса Дебби Рейнольдс пен әнші Эдди Фишердің қызы. «Жұлдызды соғыстар» атты фильміндегі Лея Органа ханшайымының рөлімен танымал болған.
Кэрри Фишер | |
Carrie Frances Fisher | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні |
27 желтоқсан 2016 (60 жас) |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Мамандығы | |
Белсенді жылдары |
1969 - 2016 |
Өмірбаяны
өңдеуКэрри 2 жаста болғанда ата-аналары ажырасып, әкесі актриса Элизабет Тейлорға үйленіп, анасы аяқ-киім дүкендерінің желісінің иесі Гарри Карлға күйеуге шығады.
Кэрри жастайынан әке-шешесінің жолымен жүргісі келді, 12 жасынан бері анасымен бірге Лас-Вегасқа жиі барып тұрды. Бастапқыда ол Беверли Хиллз мектебіне түседі, бірақ балалық шағының арманын орындау үшін, актриса атану үшін мектепті тастап кетеді. Өнерге деген алғашқы қадамын 1973 жылы «Ирэн» атты мюзикліндегі рөлімен бастады.
Кэрри Фишердің Брайан Лурдтан Билли Кэтрин атты қызы бар. Бірақ, ол жұп бір-бірімен ресми түрде қосылмаған, біраздан соң ажырасып кеткен.