Кпелле (кпесе, герзе, песси)[1] — Батыс Африкадағы халық. Орталық және Солтүстік Либерияда және Гвинеяның оңтүстік-шығысында тұрады. Жалпы саны 1,2 млн.адам. Либе��ияда 758 мың адам (2008 ж., бағалау) Гвинеяда 514 мың адам.[2]

Кпелле
кпесе, герзе, песси
Бүкіл халықтың саны

1,2 млн.

Ең көп таралған аймақтар
 Либерия

758 000

 Гвинея

514 000

Тілдері

кпелле тілі

Діні

дәстүрлі нанымдар, суннизм

Тілі

өңдеу

Тілі - кпелле тілі, манде тілдер отбасының оңтүстік тобына жатады.[3] Жазуы 1960 жылдан бастап латын әліпбиіне негізделген.

Діні

өңдеу

Дәстүрлі нанымдарды ұстанады, бір бөлігі-сүнниттік мұсылмандар, христиандар және синкреттік культтердің жақтаушылары.[4]

Кәсібі

өңдеу

Негізгі дәстүрлі кәсіптері -қолмен атқарылатын егіншілік (кассава, таро, күріш, жүгері, кола ағашы), майлы пальма жемістерін жинау, аң аулау, балық аулау, кофе, какао, гевея және хин ағашы да өсіріледі. Қолөнерден -темір ұстасы, керамика, тоқу, тоқымашылық, ағаш ою дамыған.[5]

Өмір салты

өңдеу

Дәстүрлі қоғамдық ұйымға көп балалы отбасылар, туыстық есепке патрилинейлік, құпия одақтарға (ерлер – поро, әйелдер – санде) кіреді. Неке қонысы вирилокалды болып табылады. Полигиния, левират, кездеседі.

Дәстүрлі наным-сенімдерге ата-бабалар культі (кофо, гофо), табиғат күштері, тотемизм, фетишизм, сиқыршылық пен бақсылыққа сену жатады.

Олар шағын ауылдық қауымдастықтарда тұрады, елді мекендердің орталығында олардың ата-бабаларының қабірлері бар. Үйлері балшықпен сыланған дөңгелек, шөп немесе сабан төбесі бар конустық болып келеді.

Дәстүрлі киімдері - жамбасты жауып тұратын таңғыш.

Негізгі тағам - күріштен, жүгеріден, ащы көкөніс дәмдеуіштері мен пальма майынан жасалған жармалар мен бұқтырылған тағамдар.[6]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Российские универсальные энциклопедии http://gatchina3000.ru/great-soviet-encyclopedia/bse/065/556.htm
  2. Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2105281
  3. Большая советская энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/bse/99329/%D0%9A%D0%BF%D0%B5%D0%BB%D0%BB%D0%B5
  4. Кпелле https://megabook.ru/article/%D0%9A%D0%BF%D0%B5%D0%BB%D0%BB%D0%B5
  5. Народы и культуры Кпелле https://travel-journal.ru/ethno/38/815/(қолжетпейтін сілтеме)
  6. народы мира / Кпелле http://www.etnolog.ru/people.php?id=KPEL