Кварц

Кварц

өңдеу

Кварц — түссіз немесе боялған табиғи не синтетикалық минерал, кремний қостотығы кристалы (Si02); пъезоэлектрик (J= 1010 — 10Ӏ2Ом • см).

Электрондық аспап жасауда Кварц (монокристалдан қиып алынған кесінділер түрінде) пъезоэлектрлік түрлендіргіштерді, резонаторларды, ��үзгілерді, ультрадыбыстық тежеу желілерін дайындау үшін колданылады.

 
 
Кварц.

Кварц, шынытас – табиғатта ең көп таралған тау жынысын түзуші минерал. Оксидтер класына жатады, химиялық формуласы SіO2. Кварцтың 12 полиморфтық түрі анықталған. Оның ішінде негізгілері – α=K (тригональдық сингонияда, төменгі температуралы), β=K (гексагональдық сингонияда, жоғары температуралы), β2 – тридимит (гексагональдық), b – кристобалит (кубтық). Кварц әр түрлі жыныстарда ксеноморфты агрегаттар, ұсақ түйірлі масса, жеке, қосарланған кристалдар, друзалар түрінде кездеседі. Табиғатта салмағы 40 т-дай Кварц кристалдары табылған. Кварцтың қаттылығы 7, меншікті салмағы 2,6 г/см3, балқу температурасы 1710°С, шыныдай жылтыр, ультракүлгін сәулені жақсы өткізеді, пьезоэлектрлі қасиеті бар. Түсіне байланысты Кварц әр түрлі аталады: оның таза, мөлдір, ашық түсті ақаусыз кристалы асыл тас қатарына жатады. Олар: тау хрусталі (мөлдір), аметист (күлгін көк), раухтопаз (көкшіл, мөлдір), морион (қара), аквамарин (сарғылт, күрең, қызыл), цитрин (алтындай сары), празем (мөлдір жасыл), тағы басқа. Кварц дала шпаттары, слюдалар сияқты минералдармен бірге магматекті қышқыл жыныстардың, гидротермальдық желілердің, пегматиттердің, метаморфтық жыныстардың басты жыныс құраушы минералы ретінде кең тараған. Кварцтың әсем түстілері зергерлік бұйымдар жасауға, түссіз, мөлдір таза кристалдары оптикалық аспаптар, ал кейбіреулері (агат) дәлдігі жоғары механизмдердің бөлшектерін (призма, ось, тірек, т.б.) жасау үшін, пьезооптикалық ақаусыз ірі кристалдар радиотехникада пайдаланылады. Кварцтан қышқылға, отқа және химиялық әсерлерге шыдамды берік ыдыс, кварц лампасы, абразиялық материалдар даярланады. Шыны керамика өндірісінде, металлургияда Кварцты флюс ретінде пайдаланады.[1]

Сілтемелер

өңдеу
  1. ”Қазақстан Энциклопедиясы”

Кварцтық генератор

өңдеу

Кварцтық генератор

1. Кварц минералының табиғи резонанстық қасиетін пайдалануга негізделген автогенератор. Ондай автогенератор өзінің жиілігінің аса жоғары орнықтылығымен ерекшеленеді.
2. Т��рбеліс жүйесі ретінде кварц пъезоэлектрлік резонатор немесе пъезоэлемент қолданылатын қуаты төмен, өте тұрақты электр тербелістерін өндіретін генератор. (Δf/f) 60°С- тан +100°С-қа дейінгі температура диапазонында Кварцтық генератор жиілігінің тұрақтылығы 5 • 10~6-не жетеді.

Бұл кварцтық резонатордың сапалылығы жоғары екенін көрсетеді (Q = 105 — 107).

Кварцтық резонатор

өңдеу

Кварцтық резонатор — бағыты белгілі қимадан тұратын кварц пластинкасы бар электромеханикалық тербелмелі жүйе.

 

Қоздырылған тербеліс жиілігін тұрақтандыру үшін автогенераторларда, бірнеше кГц-тен ондаған мГц- ке дейінгі аралықтағы тар жолақты сүзгілерде, уақыт өлшеу үшін кварцтық сағаттарда колданьшады. Электрлік сапасы, тұрақтылығы және сенімділігі аса жоғары жүйе. [1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6