Итсигек, жапырақсыз бұйырғын (Anabasis aphylla) – алаботалар тұқымдасы, бұйырғын туысына жататын бір жылдық шала бұта.

Қазақстанның батыс, оңтүстік облыстарында кең таралған. Шөл, шөлейтті, тақыр жерлерде өседі. Биіктігі 30 – 75(100) см, тамырының ұзындығы 5 – 6 метрге жетеді. Сабағы көп бұтақты. Жапырағы ұсақ, қынап тәрізді қабыршаққа ұқсас, пішіні үш бұрышты, қарама-қарсы орналасқан, ұзындығы 2 – 3 мм. Сарғылт, қызыл түсті ұсақ бұтақша ұшында масақ тәрізді гүлшоғырын құрайды. Жемісі – қауашақ. Тұқымының пішіні қошқармүйіз тәрізді. Шілде – қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді. Итсигектің жасыл бұтағынан 7 түрлі алкалоидтар (анабазин, лупинин, т.б.), күлінен сабын жасау, тері илеу үшін сақар алынады.

Итсигек – малды емдеуге қолданылатын дәрілік өсімдік. Шымкент қаласындағы Химия-фармакология зауытында Итсигектің жасыл сабақтарынан анабазин өндіріледі. Итсигекті Қазақстан Ғылыми Академиясының корреспондент-мүшесі Л.Қылышев зерттеп, көп жылдық екпе өсімдікке айналдырды. Итсигек – мәдени өсімдік ретінде Түркістан облысының Арыс ауданында ұйымдастырылған «Дәрмене» кеңшарында өсіріледі.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9