Есіл (қала)
Есіл — Ақмола облысы Есіл ауданындағы қала, темір жол бекеті, аудан және Есіл қалалық әкімдігі орталығы.
Қала | |
Есіл | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Аудан орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
51°57′11″ с. е. 66°24′17″ ш. б. / 51.95306° с. е. 66.40472° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°57′11″ с. е. 66°24′17″ ш. б. / 51.95306° с. е. 66.40472° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1939 |
Қала статусы |
1963 |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
11 363[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
03 |
Есіл шекарасы
|
Географиялық орны
өңдеуОблыс орталығы — Көкшетау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 335 км жерде, Есілге құятын Қызылсу өзенінің сағасында орналасқан.
Халқы
өңдеу1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
13096 | ▼11551 | ▼11484 | 99,4 | 5490 | ▲5515 | 100,5 | 6061 | ▼5969 | 98,5 |
Тарихы
өңдеуІргесі Ақмола — Қараталды (Ресей) темір жолын салуға байланысты 1939 жылы қаланды. 1955 жылы Есіл ауданының құрылуына орай бұрынғы Есіл кенті аудан орталығына, 1963 жылы қалаға айналды.
Кәсіпорындары
өңдеуЕсілде темір-бетон бұйымдары мен құралымдар зауыты, құрылыс, көлік мекемелері, мұнай базасы, сыра зауыты, элеватор, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, баспахана жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы
өңдеуБалалар бақшасы, 2 мектеп, техникалық лицей, музыка мектебі, Арқалық медициналық училищесінің бөлімшесі, мәдениет үйі, клуб, кинотеатр, кітапхана, стадион, аурухана, емхана, дәріхана, санитарлық-эпидемиологиялық станция, қонақ үйі бар. Тұрғындары Көкшетау, Астана, Қостанай, Арқалық қалаларымен темір жол және автомобиль жолдары арқылы қатынасады.